Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жемістер
Қысқа мерзімді жоспар
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жемістер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О. 1. 3. 5. 1 мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мəтіннен қажетті ақпаратты табу.
Ж. 1. 4. 1. 1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: Жемістердің атауын біледі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жемістердің дәмін, түсін ажырата алады, қандай екенін айта алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
 Жемістердің атауын біледі, дұрыс жаза алады.
 Қарапайым сұрақтар қоя алады және оларға жауап бере алады.
 Жемістерді салыстыра сипаттай алады және атауларын үш тілде жаза алады, сәйкестендіреді.
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Тәтті, қышқыл, тәтті емес, қышқыл емес, шие, кішкентай, үлкен т. б
Яблоко - алма Груша - алмұрт Кислый - қышқыл Тәтті - сладкий
Дәмді – вкусный Шие - вишня Шабдалы - персик
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Қышқыл ма? тәтті ме? үлкен бе, қызыл ма?, сары ма? т. б.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Біздің қаламызда қандай жемістер өседі?
Не себепті …. деп ойлайсыз?
Ишара Мимика арқылы жемістердің тәтті, қышқылдығын көрсету.
Алдыңғы оқу: Берілген суреттердің ішінен тек жемістердің суретін қорша.

№45 мектеп - гимназия
Мұғалімнің аты - жөні: Тастанбекова А. Б.
Жемістер. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама