Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Баяндама
Тақырыбы: Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі

Жоспар:
І Кіріспе
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдердің тиімділігі
ІІ Негізгі бөлім:
1. Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктері.
2. Сабақта жеті модульді пайдаланудың артықшылықтары мен тиімділігі
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламтану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз білім - ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады», - деген болатын. Ал қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты теңестіретін – білім»,- деп айтқандай білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан да жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалады. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетіледі.

№74 жалпы орта мектебі
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі
Ниязымбетова Б. Н.

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама