Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жеті қазынаның бірі
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным»
Бөлімдері: Тіл дамыту / Жапсыру / Сурет/ Өзін - өзі тану
Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»
Мақсаты: Балаларға жеті санының киелі екенін жеті сурет бойынша түсіндіру. Жеті қазынаны атауға, саусақ театры арқылы балаларға әңгімелеу, айтылған ертегі бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру, ертегі бойынша анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету. Ой - өрісін, қиялын дамыту, тілдік қорларын молайту, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, ұқыпты жұмыс істеуге баулу, «жұлмалап қию» әдісін меңгерту.
Жаңа сөздер: Жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық.
Қолданылатын көрнекіліктер: Жеті қазынаның суреті, саусақ театры, үнтаспа, қылқалам, бояулар, түрлі - түсті қағаздар.
Билингвизм: ит - собака - dog

Мотивациялық - ынталандыру кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар бүгінгі күнімізді жақсы бір тілек айтудан бастайықшы.
а ) амандасу рәсімі.
Арайлы таң атты!
Алтын сәуле таратты!
Жарқырайды күніміз!
Жарқырайды даламыз!
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
Сұрақтар арқылы өткен тақырыпқа шолу жасау.
Сұрақ - жауап сәті.

Ұйымдастыру - ізденгіш кезеңі
Негізгі бөлім:
Жаңа тақырып.
Біздің бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты.
- Балалар, бір аптада неше күн бар?
- Апта күндерін атаңдар?
Балалар сұрақтарға жауап береді. Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті саны « киелі сан» екенін айтып түсіндіру.
Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына.
Сурет бойынша жұмыс.
Жеті қазынаны сурет арқылы ажыратып атау, әр қайсысына қысқаша тоқталып кету.
1. Ер жігіт
2. Ару ана
3. Ақыл - білім
4. Жүйрік ат
5. Берен мылтық
6. Қыран бүркіт
7. Тазы ит
Суреттерге қарап хормен қайталайды.

Жаңа сөздермен жұмыс.
Жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық. Әр қайсысына қысқаша мағлұмат беру.
Билингвизмді қолдану. ит - собака - dog

Сергіту сәті.
(Жеті қазынаға жататын аттың жүрісін, қыран бүркіттің ұшуын, иттің үруін көрсету.)
Балалар жартылай шеңберде тұрып, сергіту сәтін қимылмен көрсетіп жасайды,
«Жеті қазынаның бірі» ертегісін саусақ театры арқылы сахналау.
Балалар ертегіні тыңдайды.
Сұрақ - жауап сәті.
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Арыстан өзі туралы не білгісі келді?
- Түлкі арыстанды қалай мақтады?
- Ит арыстанға қандай жауап қайтарды?
Балалар сұрақтарға толық жауап береді.
Үнтаспа қосылып әуен ойнайды. Сайыс түрінде жалғасады. Балаларды 2 зонаға яғни 2 топқа бөліп отырғызу.
1 -топ «Тұлпар» тобы. Жеті қазынаның бірі итті «жұлмалап қию» әдісімен жапсырады.
(Жапсыру әрекетімен яғни жұлмалап қию әдісімен жұмыс жасайды).
2- топ «Сұңқар» тобы. Кітапты түрлі - түсті бояумен қылқаламның көмегімен бояйды.
(Сурет әрекетімен жұмыс жасайды).
Балалардың жұмыстарын талдау. Әр топтың істеген жұмыстарын айту.

Қорытынды бөлім:
Сұрақ - жауап сәті.
- Балалар итті қандай әдіспен жапсырдыңдар?
- ит туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
1 топ жауап береді.
Ит - адамның досы.
Кітаптан біз білім аламыз.
Білім туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
2 топ жауап береді.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Білім - инемен құдық қазғандай.
- Жеті қазынаға не жатады?
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегі ұнады ма, балалар?
Мақтау, мадақтау.
Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балаларға жеті санының «киелі сан» екенін білу, жеті қазынаны жеті сурет бойынша ажырата білу.
Болу керек: Ертегіні әңгімелеп беру, ат, ит жайлы мақал - мәтелдер білу, апта күндерін атай білу керек.
Істей білу керек: Жақсы тілектер айта білу, қойылған сұрақтарға толық жауап беру, «жұлмалап қию» әдісі арқылы жапсыра білу.

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы
№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп - лицейдің
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Куандыкова Сая Тукеновна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама