Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
Жеті саты

Бұрынғы қазақ хандығының қоғамдық құрылымы да жеті сатыға бөлінеді.
1.    Ауыл
2.    Ата аймақ
3.    Ру
4.    Арыс
5.    Ұлыс
6.    Жүз
7.    Хандық
Ауыл – ең жақын, қандас он үйелменнен тұрады. Оны ауылбасы басқарады.
Ата аймақ –жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Оның адамын ақсақал деп атайды.
Ру – он үш, он бес аймақтан тұрады. Оны – ұлыс басы басқарады.
Арыс – бірнеше рудан құралады. Басшысы – би.
Ұлыс – бірнеше арыстан құралады. Оның билеушісі – сұлтан.
Жүздің –құрамына бірнеше ұлыс кіреді. Хан билейді. 
Хандық – үш жүзден тұрады. Хандықтың ең үлкен әміршісі – Хақан, яғни Ұлы хан.
Аталарымыз жиі айтатын: «Ұлттың құты – хан, рудың құты – би, аймақ құты – ақсақал, ауыл құты- бәйбіше» - деген қанатты сөз осыдан қалса керек.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама