Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жетім қыз (ІІ нұсқа)

Ертеде бір байдың ауылында өте сұлу қыз бойжетіпті. Әлгіні көрген адам көңілі кетіп, үйленуге құмартады екен де, сөз салады екен. Сонда қыз:

— Мен — әке-шешесі жоқ жетім қызбын, — деп қана жауап береді екен.

Мына сөзді естігендер: «ой, жетім екен ғой!» — деп ынтықтық райынан айнып, қайтып кете береді екен.

Сондағы қыздың:

— Оу, жетім қыз, жетім қыз,
Көрген жанды ынтықтырды бетің, қыз.
Әкесі жоқ жетім қыздың
Кәдесі жоқ.
Шешесі жоқ жетім қыздың
Некесі жоқ.
Ағасы жоқ жетім қыздың
Бағасы жоқ.
Інісі жоқ жетім қыздың
Тынысы жоқ.
Өз-өзіңмен жетіл, қыз,
Сүйгеніңмен кетіл, қыз! —

деп мұңайып, арман қып тартқаны екен...


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама