- 24 қар. 2019 00:00
- 246
Бұлғын — Сусар
Бұрын елден асқан бір күйші аң-құстармен күй арқылы тілдесіп, сөйлесе береді екен. Оны «аңның тілін білген, құстың үнін түсінген» деп жұрт аса ардақтайтын көрінеді. Бірде әлгі күйші тоғай аралайды. Бір-бірімен таласып жатқан бұлғын мен сусар мұны көре сала тұра қашыпты. Жігіт сонда домбырасын ала салып күй шертіпті. Әлден уақытта әлгі екі аң кілт тоқтап, бір- біріне еркелей жақындап, ойнақтап, күйдің ырғағымен билеп ала жөнеледі. Сондағы сол екі аңды достастырған күй екен...