Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Жібек құрты қалай көбелекке айналды
Тәрбиеші: Муканова У. И.

Тақырыбы: Жібек құрты қалай көбелекке айналды
Білім беру саласы: "Таным"
Оқу іс - әрекеті: Қарапайым математика. Жаратылыстану.
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге. Сандарды тура және кері санау. Геометриялық пішіндерді атап айтып беруге. Түрі - түсі, көлемі жайлы білімдерін кеңейту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білуге, ойнаған ойындарының шарттарын түсініп ойнауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Сандар таңбасы, геометриялық пішіндер, үлестірмелі дидактикалық заттар.
Әдіс - тәсілдері: ТРИЗ әдісі,«Интелектум» дамытушы ойындарын пайдалану.

Мотивациялық - қозғаушы.
Ән ұран. - Бүгін қонаққа апайлар келіп қалыпты сәлемдесейік!
Бүгін сәрсенбі «Сәрсенбінің сәтті күні» деп дана халқымыз айтқандай, барлықтарыңа сәттілік тілеймін! - Көңіл - күйлерің қалай?!
Қазір қарапайым математика сабағы. Математика дегенде не есімізге түседі?
Мына жерде сандар, геометриялық пішіндер жатыр. Қане, кім шығып сандарды ретімен қойып береді. «Сандарды тура және кері сана!» ойыны
Енді геометриялық пішіндер туралы кім ретімен қойып, айтып береді. «Пішіндерді ата?» ойыны
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Онда мына өзімізге таныс ағаштарды 1 - еуін қыс мезгіліндегі ағаш, екіншісін көктем мезгіліндегі ағаштарға ұқсатып ілеміз. ТРИЗ әдісі бойынша жұмыс. (Екі бала шығып бір талды қыс мезгілінің, екінші ағашты көктем мезгіліне тән бейнелермен безендіріп береді). Балалар тиінде құстарға ұқсап ағаш басында өмір сүреді.
Тиін қонаққа келеді.
Тәрбиеші:- Не деген алғыр ақылды тиін. Сандарды сартылдатып айтып тұр. Сенде біздің балалардың ортасына қосыл. Міне балалар ағаш басына тек құстар ғана емес, тиіндерде ұя салып өмір сүреді екен.
- Ағашта тағы нелер болады?
– Құрттардың арасында Жібек құрттың басынан өткен айтып берейін.
«Жібек құрты қалай, көбелекке айналды.» (Ойын жаттығу)
Ағаштан ағашқа өрмелеп жүрген кішкентай ғана құрт болыпты.
Ол дүйсенбі күні шие ағашына келіп 1 - шие жепті.
Сейсенбі күні»алма» ағашына келіп 2кі «алма»жепті.
Сәрсенбі күні»алмұрт ағашына келіп 3»алмұрт» жепті.
Бейсенбі күні «қараөрік»ағашына келіп 4 «қараөрік»жепті.
Жұма күні жерге түсіп5»бүлдірген»жепті.
Сенбі күні6» апелсин» жеген жұлдызқұрт»
Жексенбі күні 7 түрлі нәрсе жегісі келіпті»нан»,»ірімшік»,»шұжық»,»тәтті нан»,»сорғыш коньфет»,»қарбыз»,»балмұздақ»жеп тойған кішкентай құрт үлкен құртқа айналады. Ағаштан, ағашқа сырғи алмай, өз денесін көтере алмай жарылып кеткен құрт «Әдемі көбелекке» айналады.
Жібек құрты қалай көбелекке айналды жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама