Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 06 сәу. 2026 02:30
- 25
Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленетінін мәлімдеді
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі өзінен 15 жас кіші сүйіктісі Муминамен бірге түскен суретін жариялап, алдағы тойға ишара жасады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі пікірлер мен әншінің жауабы
Әншінің «Тойға киетін көйлек алып, дайындала бересіздер ау» деген жазбасы көпшіліктің назарын аударды. Алайда, желі қолданушыларының кейбірі әншінің бұл шешімін сынға алып, «Тұқымың майдаланатын болды», «Өзің ұзын бойлы жігітсің, бойы ұзын қыз табылмады ма, жарасымды жұп емес» деген сияқты пікірлер қалдырды.
Жігер Ауыпбаев мұндай сынға жауап беріп, «Тұқымның майдаланғаны бойдың қысқалығына байланысты емес, мүмкін ойдың қысқалығында. Тұқымға күмәніңіз болмасын» деп, өз ойын ашық жеткізді. Әншінің бұл жауабы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.