Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясындағы қызметінен неге кеткенін мәлімдеді

 

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылуының себебін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл өзгеріс партияішілік жаңару үдерісімен байланысты.


Жигули Дайрабаев бұл шешімнің мәжілісте көтерген депутаттық сауалымен еш байланысы жоқ екенін атап өтті.

"Қазір партияға жаңа толқын, жас буын келіп жатыр. Бұл – партияның даму жолындағы қалыпты процесс. Менің депутаттық қызметім мен бұл шешімнің арасында ешқандай байланыс жоқ," – деп қысқа қайырды ол.


Айта кетейік,28 ақпанда "Ауыл" партиясының саяси кеңесі Жигули Дайрабаевты партия төрағасының орынбасары қызметінен босату туралы бірауыздан шешім қабылдады. Бұл өзгерістер партияның ішкі құрылымдық реформаларымен түсіндірілді.


Жигули Дайрабаев – Қазақстандағы аграрлық саланың танымал маманы, мәжіліс депутаты. Ол ауыл шаруашылығы мәселелерін жиі көтеріп, осы саладағы реформаларға қатысты бастамаларымен танымал болған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама