Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: жануарлардың жыл мезгілінің ауысуына бейім­ делуін түсіндіру;
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Сабақтың мақсаты: 1. 2. 2. 2 жабайы және үй жануарларын ажырату;
1. 2. 2. 3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру

Жылдың әрбір мезгілі жануарлардың тіршілігіне өзінше әсер етеді. Жаздың соңы мен күздің басында тиіндер, тышқандар, боршатышқандар, аламандар қысқа қорек дайындайды. Аюлар, сарышұнақтар, борсықтар, кірпілер қысқы ұйқыға кетеді, оған дейін олар еселеп қоректенеді. Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі — күрделі биологиялық үдеріс. Қыста суық кезде және азықтың жоқ кезінде жануарлардың күш - қуат шығынын азайту үшін дене температурасы төмендеп,­ жүректің соғу жиілігі баяулайды.
Кейбір жануарлар өрістейді. Өрістеу — бұл жануарлардың алыс қашықтыққа маусымдық қоныс өзгертуі. Албырт балығы уылдырық шашу үшін жылы суға кетеді. Негізінен, маусымдық қоныс өзгерту құстарда жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының аумағында миллиондаған суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстар, сондай - ақ ұшып өтетін құстар ұя салады.
Сабақ барысында оқушылар құстардың бірнеше түрін білетін болады.
Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілік етеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.
Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйрек­ терінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Сол­ түстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.
Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екі жағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.
Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей. Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл­. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті.
Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының асты сұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг - дан 6 кг - ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.
Аюлар, борсықтар, кірпілер қыста азық таба алмайды. Сондықтан¬ олар қыста ұйқыға кетіп, көктемде оянады.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама