- 05 нау. 2024 04:28
- 271
Қалай дұрыс тамақтану керек?
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: адамның өсуі және дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау;
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру;
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Сабақтың мақсаты: 1. 2. 3. 3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау
Тамақтану пирамидасы - дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларының сызбалық көрінісі. Ол Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде америкалық диетолог Уолтер Виллеттаның жетекшілігімен құрастырылған.
Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қолданылатын азық - түліктер, ал төбесінде шектеулі мөлшерде қолдануға тиісті азық - түліктер орналастырылған. Кейіннен Азия, Жерорта теңізі мемлекеттері мен ет тағамдарын жемейтіндерге арнап тамақтану пирамидасын жасады.
Шұбаттың құрамында кальций және фосфор микроэлементтері, А, В, С дәрумендері бар. Құрамында жоғарыда аталған пайдалы заттары бар құртты жылдап сақтауға болады. Ерекше құрамға ие қымыз өкпе ауруларын және кейбір асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі.
Кіріспе тапсырма. Оқушылардан олардың отбасындағы сүйікті тағамдарды естеріне түсірулерін сұраңыз. Сосын мынадай сұрақтар қойыңыз: Отбасылық мерекелер қалай өтеді? Қандай тағамдарды сүйіп жейсіңдер? Кім аналарына ас әзірлеуге көмектеседі? Ол үшін не істейсіңдер? Не үшін тамақтану керек?
Дастарқан. Оқушылардың назарын суретке аударыңыз. “Тағамдарға назар аудар. Олардың ішінде қайсысы саған таныс? Қандай азық - түліктерден дайындалған? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?” - деген сұрақтар қойыңыз. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы бейнефильм көрсетіңіз. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтіңіз. Оқушылардың негізгі тағамдардың атауларын білуі маңызды: ет асу, бауырсақ, қазы, шұжық, қымыз.
Алып келген тағамдар арасында жоғарыда аталғандар болса, балаларға ауыз тиюге беріңіз (aлдын ала оқушылардан қандай тағамға аллергиясы бар екендігін, қандай диетаны ұстанатынын анықтау қажет). Оқушыларды топтарға бөліп, “Дастарқан басында” атты қойылымды ойнатуға болады. Егер оқушылар әңгімелесу барысында өз үйлерінде ұстанатын дәстүрлермен бөліссе, жақсы болар еді.
Сабақтың толық нұсқасын жүктеу