Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жылдық күнтізбелік жоспар (әдебиет)
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы
№38 мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұхтарова Гүлдана Сәрсенғалиқызы

Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымы.
/Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат/

Кіріспе. Сөз сыры. Сөз өнері туралы түсінік. /1 сағат/

Фольклорлық жанрлар туралы түсінік. /2 сағат/
Фольклорлық жанрдың табиғаты.
Фольклорлық жанрлар жүйесі.
Сөйлеудің танымдық негіздері.
Проза жанры туралы түсінік. /5сағат/
Әңгіме,хикаят,роман.
Публицистика туралы түсінік. /6 сағат/
Публицистикалық стильдің пайда болуы.
Газет-журнал рубрикалары.
Мақала, очерк жазу жұмыстарына нұсқаулар.
Мақала, очерк жазудағы ой тереңдігі, тіл шеберлігі.
Әдебиет теориясы: Стиль, публицистикалық стиль

Журналист туралы мәлімет. /4 сағат/
Характер жасау жолында.
Журналист, оның міндет, мақсаттары. Оған қойылатын талаптар.
Журналист, оның сөйлеу мәнері. Газет-журналдар тілі.
Әдебиет теориясы: Көркем әдіс. Портрет.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары. Сөз мәдениеті.
Әдеби тіл, оның нормалары, стильдері. – 5 сағат

Публицистикалық шығармалар. - 4 сағат.
Б.Майлиннің публицистикалық шығармалары туралы түсінік. Очерк, фельетондары. Б.Бұлқышевтың публицистикалық шығармалары. Публицистикалық хаттары.
Пәнаралық байланыс: Тарих 1941 ж. Ұлы Отан соғысы.
Әдебиет теориясы: Очерк, фельетон.

Жергілікті баспасөз материалдары. - 3 сағат.
Жергілікті баспасөз материалдары туралы түсінік.
«Орал өңірі», «Жайық үні», «Жайық ұстазы» т.б. газеттері туралы мәліметтер. Жергілікті журналистер.

Ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарына - 4 сағат.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама