- 05 нау. 2024 01:40
- 227
Жуан және жіңішке дауыстылар. Көкемнің ақылы
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке дауыстылар. Көкемнің ақылы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау, мамандықтар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: б) Әр мамандықтың пайдасы туралы айта отырып, әр мамандық иесін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: интерактивті тақта, суреттер, кеспе әріптер.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, ой шақыру, пікірлесу, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: ақпарат мәдениет негіздері, дүниетану, музыка.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылығын ояту:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөл. Хор мен айтқызу:
«Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды,
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену,
Еңбектену арқылы
«5»- ке қолды жеткізу»
II. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
1. Аптаның қай күні?
2. Қай ай?
3. Жыл мезгілі?
4. Бүгінгі ауа райы қандай?
5. Кімнің суретін көріп тұрмыз?
6. Ы. Алтынсарин деген кім? (Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының ағартушысы. Ол балаларды оқуға шақырды. Балаларға арнап өлең, әңгіме жазды).
7. Бұл өлеңді қай пәннен жаттадық?
8. Есімізге түсіріп кім айтады?
9. Өлеңді оқу
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар!
10. Қандай мәтінін оқыдық? «Әке мен бала» - Рольдерге бөліп оқыта, естеріне түсіре отырып, сұрақтарға жауап алу.
IIІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.
Ой толғаныс: 1. Әкесі тағаны баласына неліктен алдырғысы келді?
2. Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?
3. Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?
4. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
- Осы мәтінге байланысты қандай мақалдар оқыдық?
Еріншек екі істер. Еріншектің ертеңі бітпес. ( мағынасын түсіндіріңдерші)
- Дауысты дыбыстар қаншаға бөлінеді?
- Жуан дауыстыларды ата.
- Жіңішке дауыстыларды ата
IV. Мақсат қою кезең: 1. Мамандық иелері туралы әңгімелету, өлеңнің мағынасын ашу.
2. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды пысықтау.
3. Сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сергіту сәті: мына суреттегіні танимыз ба? Бұл атақты биші Шара Жиенқұлова осы биші апамызбен бірге «Айгөлек» биін билейік.
Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.
V. Жаңа сабақ: Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары, 1968 - 1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2010 жылы Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығын алды.
Оқулықпен жұмыс:
Көкемнің ақылы.
Көп сөйледі демеңдер,
Көкем менің кемеңгер.
Сыр айтады отырып.
- Ойна! Ойна! Ойнай бер!
Қызығыңды тойлай бер!
Ойна бірақ күйші боп,
Ойна бірақ биші боп!
Ойна қызыл жалын боп,
Ойна әйгілі ғалым боп!
Ойна ақылды аға боп!
Кіп-кішкентай дана боп.
Жаста кім боп ойнайсың
Өскенде сол боласың,
Ақыл - ойға толасың.
Жүргенде де ойында
Мақсат болсын ойыңда!
(Дауыстап оқыту, тізбектеп оқыту).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.