Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Жұмабек Ахметұлы Ташенов - халықтың қайсар перзенті

Жұмабек Ахметұлы Ташенов-халықтың біртуар перзенті. Оның ерлігін қазір тарихқа жақын адамдар насихаттап, қалың көпшіліктің естуіне себепкер болып жүр. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген Жұмабек Ахметұлының ерліктерінен 108 жылда қазақ халқынан бөлек, түркі тілдес халықтар да хабардар. Оның осынша танымал болуын тек бір себеппен түсіндіре алмаймыз. Нақтырақ айтқанда: Қазақстанның 5 облысын өзге елге көшіруден сақтап қалды. Алматының қақ ортасында «қазақ ауылын құрды» деп айыпталса да, жұмысынан айырылған достарына көмектесуден, үйсіз қалған халқына пәтер беруден, азық-түлікпен қамтасыз етуден тайынбады. Сол уақыттағы саяси тұрақсыздық жағдайларында Қазақстан жерінде ядролық қаруды сынаудан өткізу жайлы тың деректер пайда болғанда, басшылыққа қарсы шықты. Оңтүстік Қазақстанның Мақтаарал, Бостандық аудандарының мақта егетін жерлерін Өзбекстанға беруге қарсы пікір білдіріп, сақтап қалды. Қазақ тіліндегі газет-журнал басылымдарының жабылмауына, өзге тілдің аудармасы ретінде шығарылуына жол бермеді. Сондағы оның басшылыққа қарсы шыққандағы әр сөзі: «Маған керегі лауазым емес, қазақ халқының бірлігі мен жерінің тұтастығы»-дегеннің төңірегінде болды. Кейіннен: «Мен ол арманыма жеттім. Елім, жерім орнында»-деді. Әр адамның армандары қаншалықты әртүрлі болатыны қызық, иә? Біреуі қымбат көлік, пәтер, жоғары шенді армандаса, енді біреуі еміне дауа табылғанын, отбасының амандығын, халқының тұтастығын, жерінің бүтіндігін армандайды. Әркім өз арманы орындалуы үшін мақсатқа айналдырып, қолынан келер бар шараны жасауы қажет. Жұмабек Ташеновтың лауазымы-жоғарыда атаған барлық ерлікті жасауға көмек берді. Оның жоғары шені оған «тыныш отыруға болатын жылы орын» болған жоқ, ұлттың жоғалмауына септігін тигізетін «мүмкіндіктер лауазымы» болды. Жұмабек Ташеновтың жағдайында бұл-игі мүмкіндік болды. Бастысы-ол көпшіліктің елестететін стереотипін жойғандардың бірі мен бірегейі атанды. Ол-батыр болу үшін қылышты қолға алып, ұрысқа аттану маңызды еместігін дәлелдеді. Тапаншадан оқ ұшырып, жауды жеңіп батыр болуға да болады, оны қолда ұстамай-ақ та ерлік жасағандардың қатарынан табылуға болады. Сондықтан,қазіргі жастарға айтарым:  Патриотизмді идеалды терминге теңеуді қойыңыздар. Патриотизм-бұл тек елдің басына іс түскенде тиісті киім киіп, қолға қару алу емес. Патриотизм - бұл ең алдымен еліңе деген сүйіспеншілік. Тіліңе, дініңе, ұлттық құндылықтарыңа деген құрмет. Ұлттық кодтың жоғалмауына алаңдап, ол үшін бір пайдаңды тигізе алып та патриот бола аласын. Бұл жақта ең бастысы-міндетсінбеу. Әр жасап жатқан игі ісіңді өзгелер үшін емес, ең алдымен өзің үшін жасаудасын. Қорытындылай келе, айтарым: Ерлігі арқылы бар қазақ жеріне таңылған Жұмабек Ахметұлы Ташенов - жастар мен аға буын өкілдерінің тамсанып қарап, зерттелуге тұрарлық тұлғалардың бірегейі. Қазірде оның аты көше атаулары, мектептерге берілуде. Менің мақтанатыным-оның туған жерінде дүниеге келгенім, оның аты берілген мектепте оқып, тәмамдап жатқаным, ауданда оның аты берілген көшеде аяқ басып жүре алатыным, бастысы - Жұмабек Ахметұлының кім екенін терең зерттей алғаным, себебі «Өз ұлтының ұлыларын ұлықтамау, ол – сатқындықтың сатқындығы».                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      Серікпай Назым


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама