Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
IХ бөлім. Координация және реттелу
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
• Жүйке жүйесінің бөлімдерімен танысу
• Жұлынның құрылысын біледі
• Жұлынның қызметін талдайды
Барлық оқушылар:
• Жүйке жүйесінің бөлімдерін сипаттап, қызметін нақтылайды
Оқушылардың басым бөлігі:
• Жұлынның өткізгіштік және рефлекстік қызметін ажырата алады
Кейбір оқушылар:
• Қарапайым рефлекстерді жұлын, күрделі рефлекстерді ми басқаратынын тұжырымдайды.

Бағалау критерийлері: • Жүйке жүйесінің бөлімдерін сипаттап, қызметін нақтылайды
• Жұлынның өткізгіштік және рефлекстік қызметін ажырата алады
• Қарапайым рефлекстерді жұлын, күрделі рефлекстерді ми басқаратын тұжырымдайды, баға береді
Тілдік мақсат: • Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті айтылым - жазылымға сәйкес жұмыс тілі қалыптастырылады (мысалы, топтық, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер).
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Жүйке жүйесінің бөлімдері, ОЖЖ, ШЖЖ, жұлын, өткізгіштік, рефлекстік
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Жүйке жүйесінің бөлімдері, ОЖЖ, ШЖЖ, жұлын, өткізгіштік, рефлекстік қызметін және маңызын талқылау
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Жүйке жүйесінің бөлімдері, ОЖЖ, ШЖЖ, жұлын, өткізгіштік, рефлекстік қызметін және маңызын айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Жүйке жүйесінің бөлімдері, ОЖЖ, ШЖЖ, жұлын.
Алдыңғы оқу: Нейрондардың құрылысы мен қызметі.

Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Сыныпты «Нейрон», «Аксон», «Дендрит» топтарына бөлу. Топтар атына байланысты өз ойларын айтады.

Ортасы
1. Оқулықпен жұмыс
2. Сурет бойынша жүйке жүйесінің бөлімдерін талдау
3. Жұлынның құрылысын танысу, қызметін айқындау
Аяқталуы
Соңғы сөзді мен айтамын
Жүйке жүйесінің бөлімдері......
Орталық жүйке жүйесі.........
Шеткі жүйке жүйесі.......
Жүйке түйіндері.......
Жұлынның қызметі......
Жұлынның сұр затының пішіні......
Тапсырма - 1

Тапсырма - 2
(а) Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Жұлынның құрылысы қандай?
2. Жұлынның ақ және сұр заты дегеніміз не?
3. Жұлынның ақ және сұр заты қалай орналасқан?
4. Жұлын тамыршасы қалай аталады? Олар не құрайды?
5. Жұлыннан қанша жұп аралас жұлын жүйкелері таралады?
6. Жұлында жұлын өзегі қалай орналасқан? Ол неге толы?
7. Қандай рефлекс доғасы жұлын арқылы өтеді?
(b) Суреттегі жүйке жүйесінің бөлімдерін атаңыз, қызметін жазыңыз
Дескриптор
Білім алушы
- жүйке жүйесі бөлімдерінің қызметтерін сипаттайды;
- жұлынның сұр және ақ заты туралы сұрақтарға жауап береді;
- жүйке жүйесінің бөлімдерін атайды, қызметін жазады.

Мектеп: С. Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернат
Пән мұғалімі: Бердиханова М. Т.

Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама