Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Оқшау сөздер
Тақырыбы: Оқшау сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан - жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Дамытушылық: оқшау сөздер туралы түсініктерін одан әрі дамыта отырып, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, топпен жұмыс жасауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін шыңдауға баулу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, жаттығу жұмыстары, тест, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интер тақта, слайд, кеспе қағаздары, тірек сызба, сурет;

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесіп, қажетті оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын сұрау
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу сөз
Шылау
Одағай

Ал балалар, балалар
Бәрің бері қараңдар.
Шын көңілмен назар сап
Оқысаңдар сабақты
Сендерден шығар даналар,-
деп балаларға үлкен сенім артып, жауапкершілік жүктей отырып, ашық сабағымызды бастаймыз.

Жаңа сабақ
Оқшау сөз
Қаратпа сөз, Қыстырма сөз, Одағай.
Сөйлем құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін, яғни сөйлем мүшесі бола алмайтын мүше.

Қаратпа сөз
Анықтамасы: сөйлеушінің біреуді өзіне қарату үшін немесе
назарын аудару үшін айтылатын сөз.
Қаратпа сөз болатын мүшелер: 1. Адамның аты - жөні, кім?
деген сұраққа жауап беретін зат есімдер.
2. Реттік мәнді зат есімдер (шырағым, қалқатай, ботақан, сәулежан, т. б.)
3. Не? деген сұраққа жауап беретін ел, жер, дала, Отан,
сондай - ақ дерексіз зат есімдер (өлең, сезім, көңіл, ой, т. б.) жұмсалады.
Тыныс белгілері: 1. Сөйлем басында келсе одан кейін үтір не леп белгісі қойылады. Мыс: 1. Туған елім, жасай бер, жаса!
2. Айман! Бері кел.
2. Сөйлем ортасында келсе екі жағынан, соңында тұрса алдынан үтір қойылады. Мыс: 1. Айт, балам, өзің үшін күрес. 2. Ауылдың шетіне кеп қалдық па, жігіттер.
3. Сөйлемде одағай, қаратпа, қыстырма сөздер қатар келсе арасы үтірмен бөлінеді. Мыс: Япыр - ай, меніңше, Қанат, сенікі дұрыс емес.

Қыстырма сөз - сөйлемдегі ойға, айтылу мәніне жазушының, сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөз.

Қыстырма сөздің мағыналары:
1. Ойдың, пікірдің, сөздің айтылу амалын, тәсілін көрсетеді (қысқасы, былай айтқанда, демек, ендеше, т. б.)
2. Пікір, ойлардың өзара қатынасын білдіреді (біріншіден, ақырында, соңында, мысалы, т. б)
3. Ойға басқа біреудің немесе айтушының пікірі тұрғысынан қарайды (сіздіңше, біздіңше, меніңше, мен білсем, оның айтуынша, т. б.)
4. Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіреді (амал қанша, несін айтасың, т. б.)
5. Ойға, пікірге жорамал жасау мағынасында болады (әрине, әлбетте, рас, сірә, мүмкін, шамасы, расында, т. б.)
Одағай - сөйлемдегі айтылған ойдың түрлі көңіл - күйі, сезімін білдіретін сөз.

Одағайдың ерекшеліктері:
Адам көңіл - күйінің құбылып, ауысып тұруына қарай бір одағайдың бірнеше мәнде, мағынада жұмсалуы мүмкін. Мыс: Пәлі, жақсы болған! Пәлі, бұнысы адамшылыққа сыймас.
Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен байланыспай, оқшауланып, бөлініп тұрады. Мыс: Айпыр - ай, басқадан күтсем де, сенен күтпеген ем!

Одағай мағынасына қарай
Көңіл - күй одағайы: Пәлі, алақай, аһ, қап, ойбай, пай - пай, т. б.
Жекіру одағайы: Тәйт, тек, жә, т. б.
Шақыру одағайы: Кә - кә, құр - құр, шөре - шөре, көс - көс, т, б.

Семантикалық картамен жұмыс жасау

А. М. Горький атындағы мектеп - лицейі
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Шопанова Айболған

Оқшау сөздер. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама