Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР физика 7 сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге7 – сынып білім алушының «Физика»пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7 - сынып «Физика»пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай - ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс негізгі орта білім беру мектебі мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет - сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды
Мазмұны
1 - ТОҚСАН «Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2 - ТОҚСАН «Тығыздық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3 – ТОҚСАН
«Қысым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жұмыс және қуат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
4 – ТОҚСАН
«Энергия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Күш моменті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жер және Ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Жиынтық бағалау физика 7 сынып​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама