Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ тілі 7 сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7 - сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5 - 9 - сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай - ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет - сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Мазмұны
1 - ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 
«Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
2 - ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3 - ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 
«Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
4 - ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Ғылыми фантастика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Жиынтық бағалау қазақ тілі 7 сынып​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама