Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Карантинде шұғылдануға болатын топ 20 идея

Қазір қысқа көйлек киіп, шоппингке барып, шаш сәнін жаңартып, маникюр жасап, осы көктемге жеңіл жүріспен кіріп келсем ғой шіркін, тек осы қазіргінің бәрі емес! Ал, іс жүзінде халық өз үйінің төрт қабырғасында карантиннің барлық шарттарын ұстана отырып, өзін-өзі оқшаулауға және уақытты өткізуге мәжбүр.

Әлемде өршіп отырған коронавируспен байланысты пандемия әлемнің көптеген мемлекеттер шараларды қатаңдатуға және вирустың массаға таралуына жол бермеу үшін адамдарды үйде отыруға мәжбүрлейді. Адамдарда қайда жұмсарын білмейтін көп бос уақыт пайда болды.

Қозғалыста болуға, жұмысқа баруға, өз істерімен жүгіруге үйреніп қалған адам үшін мұндай үй қамау түрмемен тең. Үйреншікті тәртіп өзгереді және бос уақыт пайда болады, бұл уақытты зерігу мен жабырқаудан есіңнен адаспау үшін бір нәрсеге жұмсау керек.

Бүгін мен сіздермен карантинде істеуге болатын топ 20 идеямен бөлісемін және ұсынам.

Егер кенеттен карантин қайтадан созылса, бәрін қайтадан бастаймыз.

Бірінші күн: шкафты ретке келтіреміз

Терезенің арғы жағында көктем, сондықтан қысқы киімді шкафтың жоғарғы сөрелеріне өз мерзімін күтуге жіберетін уақыт келді деген сөз. Аяқ киімді де солай реттеуге болады. Қысқы аяқ киімдерді жуып, кептіріп және келесі қысқа дейін қорапқа салу. Бұдан кейінгі кезекте қойма. Ол жерде баяғыда қоқысқа жіберілуі тиіс ескі-құсқылар сақталған болар? Орынды  керек емес заттардан босатыңыз, жақсы энергияға жол беріңіз.

Екінші күн: ауқымды тазалық шарасы

Тазалық - денсаулық кепілі және барлық вирустарда өледі. Сондықтан сізде бос уақыт бар кезде, өз үйіңіздің тазалағымен айналысыңыз. Перделерді жуып, едендерді жуып, қол жетпейтін жерлердегі шаң қабаттарын сүртіңіз. Міне, күн де өтті.

Үшінші күн: спорт

Карантинге байланысты барлық спорт кешендері мен жаттығу залдары жабылып жатыр. Өзің қалыпта ұстауға және залға үнемі баруды үйренген адамдарға оңай болмай тұр. Қалайда тығырықтан шығу керек. Сонда мәселе неде? Пресс, созылу, отырып тұру және кеудені жерден көтеру жаттығуларын үйде де оңай орындауға болады. Оның үстіне, үй жағдайында орындайтын видео-сабақтар мен онлайн-сабақтарды интернетте көп табуға болады.

Төртінші күн: оқу

Егер сіз оқығанды ұнатсаңыз, бірақ сіздің жүктемеңізге байланысты бұрын уақыт жетпеген болса, қазір сізде уақыт жеткілікті. Тұтас күнді үзбей өз әуестігіңізге арнай аласыз. Романдар, детективтер, мотивациялық әдебиет - өз қалағаныңызды таңдаңыз.

Бесінші күн: білім алу ешқашан кеш емес

Мүмкін сіз ұзақ уақыт шет тілдерін үйренуді армандаған шығарсыз? Сізге қазір ағылшын тілін бейне-сабақтар бойынша үйренуді бастау үшін тамаша мүмкіндік бар. Интернетте тегін сервистерді табуға болады және карантин кезінде шет тілінің қыр сырын меңгеруге болады. Өмірде мүмкін керек болып қалар?

Шет тілін үйренуге арналған онлайн сервистер тізімі:

SkyEng - кәсіби педагогтардан ағылшын тілі сабақтарын ұсынады.

Cambly - бұл жерде шетелдік педагогтармен сөйлесе отырып, ағылшын тілін меңгеруге болады.

Duolingo - түрлі тілдерді үйренуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша.

Алтыншы күн: визуализациялаймыз

Карантин аяқталғанда бірінші күні сіз не істейсіз? Шоппинг, құрбыларымен кофе, сұлулық салоны, мүмкін саяхатқа барасыз ба? Бұл күнді ойластырыңыз және оны қиялыңызға салыңыз. Ал ол тез арада орындалуы үшін алдағы уақытқа тілек тақтасын жасаңыз, онда барлық "қалауларыңызды" жинаңыз және белгіленген жоспарларды жүзеге асыруға сенімді түрде жол тартыңыз.

Жетінші күн: компьютерді тазалаймыз

Онда құрылғы жадын толтыратын қаншама сақталған файлдар, фото, құжаттар бар. Қазір сізде барлық файлдарды өз орындарына реттеп, қажетсіздерін тазалау үшін уақыт бар.

Сегізінші күн: релакс

Қаласаң да қаламасаң да әр жерден күнделікті еститін жаңалықтар көлемінен өзіңді нашар сезінесің.Ал бұл орын алмауы үшін демалуды, босаңсынуды үйреніңіз. Мұндайда медитация сізге көмектеседі. Бұл әр адамның психикалық денсаулығы үшін өте пайдалы.

Тоғызыншы күн: өзіңізге арналған күн

Міне, барлық істерді ысырып, өзіңізге, бетіңізге, теріге, тырнаққа, шашқа уақыт бөліңіз. Осы кезеңде өсіп кетіп үлгерген маникюр, педикюрді жасап, бетке, шашқа маска пайдаланыңыз. Бұл тамаша релакс күнін көбікті ваннада, бокалдағы суысын ( немесе сіз не ұнатасыз? )) бірге аяқтаңыз.

Оныншы күн: қолөнер

Жасырын таланттарды ашатын уақыт келді. Немесе жаңаларын үйренуге болады. Бұл ешқашан кеш емес. Кенеттен сіз тоқуды меңгеріп кетерсіз, және бұл тіпті сізге ақша әкелуі мүмкін.

Он бірінші күн: байланыста

Көптен бері байланыста болмаған ескі таныстарыңызды еске түсіріңіз. Қоңырау шалып және олар қалай өмір сүріп жатқанын анықтауға тиімді уақыт. Өз отбасыңыздың қарт мүшелерін еске түсіріңіз: олар да карантинде жабырқап отыр ғой. Қарттардың көңіл-күйін қоңырау соғып көтеретін уақыт келген сияқты?

Он екінші күн: аспаздық

Мүмкін сізде дарынды аспаз жасырынып жатыр ма? Және туған-туыстарыңыз да сіздің аспаздық шедеврлеріңіздің дәмін татуға қуанады. Үйдегілерді өз қолыңызбен жасалған дәмді тағамдар және нан өнімдерімен еркелетіңіз.

Он үшінші күн: үстел ойындары кеші

"Монополия", "Крокодил", "Эрудит", Лото, Джанга, Uno ойындары сіздің карантиндегі кештеріңізді қызықты өткізуге көмектеседі. Бұл бір үстел басында бүкіл отбасымен жиналып, уақытты көңілді өткізуге мүмкіндік. Егер сіз кенеттен карантинге дайындалмаған болсаңыз? Үйде үстел ойындары жоқ болса, онда сіз өз қолыңызбен оларды оңай жасай аласыз. Ең болмаса, карта ойнауға болады.

Он төртінші күн: фильмдер көреміз

Бұрын фильмді үздіксіз көру үшін сізге күніне кемінде бір жарым-екі сағат уақыт бөлуге тура келер еді. Енді сізде уақыт көп болды! Неге сізге алыс жәшікке салынған фильмдерді қайта қарамасқа? Мысалы, соңғы онжылдықта "Оскарға" ұсынылған немесе ие болған фильмдер.

Он бесінші күн: кроссвордтық

 Карантин кезінде зерігіп өлмеу үшін және миыңызды жұмыс істеуге мәжбүр ету үшін басқатырғыштарды, кроссвордтарды немесе судоканы шешіңіз. Сонымен қатар, сіз кроссворд шеше отырып, көптеген жаңа нәрселерді, ұғымдар мен терминдерді анықтайсыз.

Он алтыншы күн: таланттарыңызды ашамыз

Мүмкін сіз балалық шағыңызда әдемі сурет салған шығарсыз, бірақ содан кейін шығармашылығыңызды тастадыңыз ба? Енді бәрін еске түсіретін, жіберіп алғанға қол жеткізетін кез келді. Ал, егер сізде суретпен мүлдем болмаса, онда суретті нөмірлер бойынша салуға болады. Бұл сіздің қазір онсыз да осал психикаңызға тыныштандырып әсер етеді.

Он жетінші күн: би-музыкалық

Ал егер әр таңды сіздің сүйікті музыкадан және оның әуеніне биден бастасаңыз қалай? Ваннада тіс тазалағанша, ас үйде тамақ дайындағанша, сіз сияқты 4 қабырғаларда отырудан жалыққан баламен бірге билеңіз. Бұдан да жақсысы ән айтыңыз, онша шықпаса да, өз қалауыңызды орындаңыз.

Он сегізінші күн: өзімізді дамытамыз

 Оқу ешқашан кеш емес. Міне, қазір сізде онлайн-марафон өтіп немесе онлайн-вебинарларды тыңдай отырып, өз мамандығыңызда жетілдіру мүмкіндігі бар. Мүмкін сіз қызмет түрін өзгертіп, үйде отырып жұмыс істей бастағыңыз келе ме? Онда ЅММшілердің онлайн курстарынан өтуге, ал арықтағыңыз келсе, немесе тағам дайындауды үйренгіңіз келсе, мейк-ап дұрыс жасай алу, сурет салып үйренгіңіз келе ме? Осының бәрін сіз үйден шықпай-ақ оқи аласыз.

Он тоғызыншы күн: сериалдық

Фильм - бұл ұзақтығы бір сағаттан астам оқиға, ал сериал кем дегенде 5-10 маусым. Карантин ұзарғанын ескере отырып, керегіс осы. Классикаға қалай қарайсыз – "Үлкен жарылыс теориясы", "Достар","Мен сіздің анаңызды қалай жолықтырдым". Жабырқауды ұмытып, қарапайым сюжетті сериалмен теледидардың алдында жай ғана релакстаныңыз. Егер керісінше, көп ойлану мен шиеленістерді қаласаңыз, онда сізге идеялар - "Шерлок", "Қара айна", "Маған өтірік айтпа", "Құпия материалдар". Бастапқыға жеткілікті. Карантин мәңгілікке созылмайды!

Жиырмасыншы күн: біздің жүректеріміз өзгерістерді талап етеді

Мүмкін сіз ұзақ уақыт үйде немесе пәтерде қандай да бір ұсақ жөндеуді кейінге қалдырдыңыз, және материалдар бұрыннан сатып алынған болса да, өз идеяларыңызды жүзеге асыруға уақыт таппадыңыз ба? Онда ойланатын несі бар? Жұмысқа кірісіңіз! Бос уақытыңызды да жұмсайсыз, нәтижесіне де қуанасыз. Қашан, егер қазір болмаса. Ал егер жөндеу алдын ала жоспарланбаған болса, онда жатын бөлмедегі жиһазды жылжытып, көңілді өмір сүру үшін бір нәрселердің орнын ауыстырған жөн болар?)

Бұл топ - 20 идеялар карантин кезінде бос уақытыңызды бояуға және түрлендіруге көмектеседі. Ең бастысы, ұсынымдарды ұстаңыз, қолыңызды жуыңыз, жаңалықтарды аз көріңіз, үрейленбеңіз, сау ұйқы ұстаңыз, күйзеліске ұшырамаңыз, иммунитетті көтеріңіз және сау болыңыз! Уайымдамаңыз,Біз бұл індетті  жеңеміз!

Ақпарат сіз үшін қызықты және пайдалы болды деп үміттенеміз. Оны достарыңызбен әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама