Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Кәсіби денсаулықты сақтау

«Денсаулық - зор байлық» - демекші орынды айтылған сөзді жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы – қоғамның байлығы деуге болады. Осы ретте халқымыз «Дені саудың жаны сау» - деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықты сақтау тек тазалықты сақтаумен шектелмейді. Денсаулықты сақтау үшін күн режимін сақтай отырып тиімді тамақтану, дене қозғалысы жасап спортпен шұғылдану, таза ауада жиі серуендеу жатады. 

Кәсіби денсаулық ұғымы қазіргі уақытта жиі қолданып жүр десе болады. Кәсіп игеріп қана қоймай, сонымен қатар денсаулық сақталу қажет. Денсаулықты тексеруге қатысатын әрбір маман, өз саласынан денсаулық тобын анықтап, қортынды жазады. Осы қортындылар бойынша дәрігер педиатр денсаулықтың ең соңғы бағасын беріп, денсаулықтың жалпы қай топқа жататынын анықтайды.

Әр түрлі аурулардың пайда болуына адамның көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Менің ойымша, бұған жұмыстағы әртүрлі жағдайлар да әсер етеді. Сондықтан, адам барлық зат пен жұмысты уақытылы істеп, графигіне сай жылжуы керек.Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей әсер етеді. Адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістерді реттеп отырады. Тұлғаның денсаулығы - әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді. 

Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады. Оның қиындықтары физикалық денсаулығына, психикалық ауытқушылығына, қарым-қатынастағы, жанұялық жағдайларға байланысты пайда болып отырады. 

Қорытындылай айтсақ, XXI ғасыр бәсеке заманы. Зиянды заттарды, денсаулығымызға пайдасы жоқ тағамдарды пайдаланбай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырғым келеді. Қорқыт атамыз «Бас аман болса бөрік табылады» деген. Сондықтан, денсаулықты сақтау - әрбіріміздің қолымызда екенін ұмытпайық!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама