Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 11 ақп. 2026 16:01
- 25
Kaspi Gold картасы қымбаттады деген ақпаратқа банк түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде Kaspi Gold картасы бойынша операция ережелері жаңартылып, тарифтер көтеріледі деген ақпарат тарауда. Бұл жаңалық көпшіліктің қызу талқылауына себеп болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Не болды?
Әлеуметтік желілердегі жазбаларға сәйкес, 31 наурыздан бастап Kaspi Gold картасын жылдық ұстау құны 1995 теңгеден 10 мың теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ, картаны жоғалтқан, ұрлаған немесе бүлдірген жағдайда қайта шығару, балалар картасын жылдық ұстау құны да 10 мың теңге болады деп көрсетілген. Басылымдарда басқа банктерге аударым жасау және лимиттен тыс ақша алу комиссиясы 5 пайыз болады деп те айтылған.
Банктің жауабы
Kaspi.kz компаниясы клиенттер мен серіктестер үшін тарифтер мен қызмет көрсету шарттары өзгеріссіз қалатынын хабарлады. Банктің мәліметінше, интернетте Kaspi Gold картасын жылдық ұстау және қайта шығару құны, Kaspi Pay бойынша шарттар мен басқа банк карталарына аударымдар бойынша комиссиялар туралы жалған ақпарат тараған. Мұның себебі ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген шекті мәндер көрсетілген тарифтер туралы жаңартылған заң құжатын дұрыс түсінбеушілік болып шықты.
Kaspi.kz кез келген өзгерістер туралы клиенттерді әрдайым алдын ала хабардар ететінін атап өтті.