Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кенесары туралы (І нұсқа)

Қоңырбай — Нысанның үлкен баласы. Тіленнен Нысан туған. Қоңырбайды өлтіруші — Ержан. Сол жолы Тіленнің жылқысын шауып әкетеді. Екінші рет Ержан, Саржандар Қорғалжын жағындағы Тінәлі, Темешті шауып алып қайтып келе жатады. Олардан кек алу үшін Нысан, Сарыбай, Қошанбай, Арыстамбайлар шабуылға шығып, олардан малдарын айырып қалады. Ержан, Саржанды жаяу айдайды. Содан кейін келіп Нысанды өлтіреді. Сол жолы Сарыбай жайдақ қуып, кек ала алмай қайтады.

Мінгені төрелердің қара алаяқ,
Бақ берген құдайым оған аямай-ақ.
Соңынан батыр Нысан қуып жетіп,
Ержаны сонда болған тобын аяқ.
Жылқы алып Толағайдан көнек келдің,
Жылқының ат-айғырын бөлектедің.
Соңынан батыр Нысан қуып жетіп....*

* Қолжазбада өлең жолы өшіп қалған.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама