- 11 жел. 2023 00:00
- 220
Кенесары (І нұсқа)
Андас — дулат ботпай руынан. Моласы Мерке мен Алатаудың арасында. Бұрын қырғыз жері екен. Бұл күнде Арысты күш-қуат қылып, арқа тұтып дулат болып кеткен төрт шөмекей, бес жаббастың бір үй досты бар. Мұнан шыққан Алтыбайды Кенесары «маған қарамайсың» деп тірі ұстап алып, отқа өртеп жіберген екен. Мұны немере інісі Төлегенұлы Жанғабыл соқыр Наурызбайды жүз жігітпен зекетші боп барғанда, өзге жолдасын қырғанын қырып, тірі қалғанын Қоқанға ұстап беріп, тоғыз жігітпен Наурызбай қашып құтылған екен.
Кенесары заманында Қоқанға бағынған жаббастардың датқасы Алтыбай екен. Ол күнде Ақмешітте Қоқанның сардары тұрады екен. Самса Тоқпақтың тұсында ол Алатаудың атышулы бір өзені «Қызылсомса» деп аталады.
Оқуға кеңес береміз:
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр