- 11 жел. 2023 00:00
- 254
Кенесары (ІІ нұсқа)
Кенесарыға сүйіндік елі «еремін» деп, ермегенсін, Кенесарыға біреу айтыпты: «сенімен бірге аууды Поштай ұнатпайды» дегенсін, Кенесары Поштайға айтыпты:
— Елді арт басты қылып, «көшпе» деп Кенесарыға еріп, сені тоқтады дейді, кейінгі «қара қазан, сары баланың қамы үшін» орыстан іргені аулақ салып, жайлы қонысқа қарай көшуге басшылық етушінің бірі болады десе, тоқтатуыңның мәнісі не? — депті.
Поштай айтқан:
— «Алқакөл сұлама, ақ табан шұбырындының» жұтында, барлық сүйіндік қырық ауыл екенбіз. Сыр бойынан Сарыарқаға шұбырып көшкенде, барлық сауын деген мал көлік, Бейбітте қырық құлынды бие болып, қырық ауыл қырық биенің сүтін көжесіне қатық қылып, арып-ашып, осы отырған қонысқа келіп, қонысымыз ырымды болып, бас, мал бірдей өсіп, алдымызға он бес мың жылқы, бие иіріп, іргесі құтты қоныс болғандықтан айтсам, айтқан шығармын, алдағы жұмыс болжаусыз болғаннан соң, — депті.
Сол кезде Қаржас Азынабек баласы Тайжан, Сейтенде он бес мың жылқы бар екен. Тайжан, Сейтен «орысқа қарамаймын» деп ауып, өз жері Баянауладан көшіп келіп қайтқан жері — Іле өзені. Ілені жылқысы жерсінбей, жаз күнінде тай-жабағысы көтерем болып, жылқысы кейін қарай қашып маза бермей, қайта көшіп Нұра өзеніне барған бетінен орыстың қуғыншы бес жүз салдаты Тайжан, Сейтенді ұстап Ақмолаға апарып, Тайжанды қара ағашқа байлап, он екі салдат қатар атып өлтірген. Сейтенді он сегіз жыл катрге айдауға өкім еткен, «Кенесарыға ерді» деп.
Оқуға кеңес береміз:
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр