Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Кеңістікті бағдарлау»
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
 
Күні: 09. 11. 2021
Тобы: «Күншуақ» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: "Таным"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚҰМҚ
Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»
Мақсаты: Өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарды анықтауға үйрету. "алыс - жақын", "оң және сол" ұғымдарын жетілдіру.
Билингвалдық компонент: Алыс - далеко, жақын - ближе, правая сторона, левая сторона.
Оқу қызметінің кезеңдеріТәрбиешінің
іс - әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылықШаттық шеңбері:
- Балалар бір біріне күннің суретін бере отырып жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық кезең- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Нешінші айы, қай айы?
- Күз айында қандай құбылыстар болып жатыр?
- Бүгін біз балалар ҚҰМҚ оқу қызметінен «Кеңістікті бағдарлау» деген тақырыпта оқу қызметін өтетін боламыз.
Слайт: Алыс - жақын, оң және сол ұғымына байланысты сурет слайт көрсету.
Ғажайып сәт:
«Сиқырлы қорапша»
Тәрбиеші қорапты ашады.
Қорапшанын ішінен хат шығады.
- Сәлеметсіңдерме балалар!
- Мен Жалқаубекпін балалар мен жалқау болғандықтан оң солымды ажырата алмаймын және алыс - жақын ұғымында білмеймін. Маған осы қорапшаның ішіндегі тапсырмаларды орындап көмектесіңдерші - деп жазылған екен.
- Балалар Жалқаубекке көмектесемізбе?
- Ендеше тапсырмаларды белсенді, жақсы орындаған балаларға қорашанынң ішінде Жалқаубектің сыйлығыда бар екен.
1 - тапсырма:
«Бағытын дұрыс тап»
Мақсаты:
Балаларға оң жақ және сол жақ ұғымын тереңірек түсіндіру.
2 - тапсырма:
«Үйшікті орнына қой»
Мақсаты:
Алыс - жақын ұғымын балаларға тереңірек түсіндіру.
Саусаққа арналған жаттығу:
Жүйесі: Балалалардың алдына жіп және макарондар беріледі, балалар жіпке макарондарды тізіп шығуы қажет.
3 - тапсырма:
«Сәуле мен Батырдың ойншықтары»
Мақсаты:
Кассамен жұмыс: Балаларға оң және сол ұғымын түсіндіру.
4 - тапсырма:
«Қоянның үйі»
Мақсаты:
Балаларға үзік сызықтар арқылы алыс - жақын және оң жақ, сол жақ ұғымын тереңірек түсіндіру.
- Балалар сендер тапсырманы өте жақсы шапшаң орындадыңдар сол үшін сендерге Жалқаубек сыйлық беріп жіберіпті.
Сергіту сәті:
«Көңілді қадамдар»
- Балалардың барлығы орындарынан тұрып тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыстарды қайталайды.

Рефлексивті кезеңТәрбиеші:
- Балалар біз бүгін қандай оқы қызметін өттік, қандай тақырыпта?
- Бізге кім хат жолдапты?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Осымен балалар біздің бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Келген қонақтарымызбен қоштасайық.
- Балаларды мақтап - мадақтап Жалқаубектің сыйлығын таратып береміз.

Күтілетін нәтиже: Оң және сол, алыс - жақын ұғымын тереңірек түсінеді.
Істей біліеді: Өз беттерінше берілген тапсырмаларды орындай білді.

Қызылорда қаласы,
№2 «НұрШұғыла» балабақша тәрбиешісі
Жұманазарова Нағзада Елюбайқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама