Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 20 нау. 2026 13:30
- 23
"Кешірім сұраймын": Тәшиев тергеуден кейін маңызды мәлімдеме жасады
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Ішкі істер министрлігіндегі тергеуден кейін алғаш рет жұртшылыққа үн қатты. Ол Ораза айт мерекесі қарсаңында халыққа арнап сөз сөйлеп, кешірім де сұрады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Тәшиев: "Егер мен қателік жіберіп, біреудің көңіліне тиген болсам, кешірім сұраймын. Қасиетті айда түрлі қауесет таратып, жала жапқандардың бәрін Алла разылығы үшін кешірдім. Келесіде олар мұндай әрекетке бармайды, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпайды деп үміттенемін", - деді.
Айта кетейік, наурыздың 19-ы күні Қамшыбек Тәшиевті екі қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде Ішкі істер министрлігіне шақыртқан болатын. Ол тергеушімен адвокатының қатысуымен сұрақ-жауап жүргізді.