Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 57 минут бұрын)
Нұрғали Нүсіпжановтың жүрегіне күрделі ота жасалды: Әнші алғысын жаудырды

Еліміздің ерен еңбек сіңірген әншісі Нұрғали Нүсіпжановтың денсаулығына қатысты күрделі ота сәтті аяқталды. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәрігерлерге алғыс

Нұрғали Нүсіпжанов өзінің жүрегіне жасалған отадан кейінгі ой-толғаныстарын жазды. Ол өмірдің бергенін қабылдау керектігін айтып, аурудың азабын тартқан адам ғана оның қадірін білетінін жеткізді.

Әнші өзінің жазбасында кардиохирург Нұрәлі Есенкелдіұлына ерекше ризашылығын білдірді. «Жас маман болса да, өз ісінің білгірі. Адам жанын аялай білетін дархан дарыныңа басымды идім», - деп жазды Нүсіпжанов.

Сонымен қатар, әнші «Приват» ауруханасының ұжымына да табыс тілеп, олардың ел-жұртының алғысы мен батасын арқалап, қазаққа қалтқысыз қызмет етуін тіледі.

Жаңалықтар

Жарнама