Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 45 минут бұрын)
Кескіннің аксонометриялык прокциялары
Сабақ тақырыбы: Кескіннің аксонометриялык прокциялары
Мақсаты: Кескіннің аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұматтар беру, сызбада орындалуын үйрету.
Күтілетін нәтиже: Аксонометрия проекция түрлерімен танысады және сызбаға орындауды үйренеді.
Кіріспе бөлім
Психологиялық дайындық
Жұмыс орнының дайындығын, құралдарын тексеру. Техникалық қауіпсіздік ережесін ескеру.
Үй тапсырмасын тексеру
1. Шеңбердің аксонометриялық проекциялары - дегеніміз не?
2. Овал - дегеніміз не?
3. Эллипс - дегеніміз не?
4. Мысал келтіру, ойын дәлелдеу.

Жаңа сабақ: АВС үшбұрышының фронталь және горизонталь проекциялары, М нүктесінің фронталь проекциясы М1 берілген (80, а - сурет). А1 және М1 нүктелері арқылы түзу жүргізсек, ол түзу В1С1 кесіндісін D1 нүктесінде қияды. ВС кесіндісінде жатқан D нүктесінің фронталь проекциясы бойынша оның горизонталь проекциясын - D2 нүктесін тұрғызамыз. А2 және D2 нүктелері арқылы түзу жүргіземіз (80, ә - сурет). АD кесіндісі АВС үшбұрышында жатады, өйткені оның екі нүктесі А мен D - осы үшбұрыштың нүктелері. АD кесіндісінде жаткан М нүктесінің фронталь проекциясы бойынша оның горизонталь проекциясы — М2нүктесін саламыз. Проекциялары М1 және М2 нүктелері болатын М нүктесі АВСүшбұрышында жатыр, себебі М нүктесі АВС үшбұрышында жатқан АD кесіндісіне тиісті.

Алматы облысы,
Талдықорған қаласы,
№27 орта мектеп - гимназиясының
сызу және бейнелеу өнері пән мұғалімі
Алиаскарова Лаура Онгаровна
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: Бейнелеу өнері және сызу пәнінің үздік ұстазы
Кескіннің аксонометриялык прокциялары жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама