Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кестелік мәліметтердің графикалық көрінісі
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Кестелік мәліметтердің графикалық көрінісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) 7. 2. 2. 3 Электронды кестеде диаграммалар құру.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:
• Кесте мәліметтері негізінде құрылатын диаграмма түрлерін атайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
• электронды кестеде диаграмма құрады.
Кейбір оқушылар:
• диаграмма түрлерін ажыратады, кесте мәліметтеріне сай диаграмма әр түрін тұрғызады және жеке параққа орналастырады.
Құндылықтарға баулу: Құндылықтарға баулу арқылы тәжірибелік жұмыста шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алдыңғы білім: Электрондық кестеде шартты форматтауды қолдану.
Пәнаралық байланыс: География, математика, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы.

Сабақтың басы
Қызығушылығы мен зейінін шоғырландыру мақсатында «Мюнстерберг» әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу ұсынылады:
Ангрпрстухцчшлкестелікнгшчхуңғмәліметтердіңдепронгіңграфикалықғжэчскөрінісіүұңғэъ
Жауабы: Ангрпрстухцчшлкестелікнгшчхуңғмәліметтердіңдепронгіңграфикалықғжэчскөрінісіүұңғэъ

«Пазл» әдісі арқылы 3 топқа топтастыру
Топтар кезектесіп оқу материалы бойынша терминдерді атайды.

Оқулықтағы 45 - 47 бет аралығындағы материалды оқу.
Кестені толтыру. Insert кестесі
Сабақтың ортасы
Қолдану
15 - 20мин
Компьютерде практикалық жұмыс
1 - тапсырма:
Оқушыларға 2 аптаға ауа райы болжамының деректері бар кестені көрсетіңіз. Оқушылардан кестедегі деректерді пайдалана отырып, келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады:
1. 1. Қай күні ең суық ауа райы күтіледі?
2. 2. Қай күні ең жылы ауа райы күтіледі?
3. 3. Алдағы күндері ауа райы қалай өзгереді? (суытады, жылынады және т. б.)

2 - тапсырма:
Интернет желісін пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы қалалардың ауа райы болжамының диаграммасын құру.

3 - тапсырма:
4. y=3x 2 - 5 функциясын формула енгізіп, Excel бағдарламасында шығарып, диаграмма құрады.
4 - тапсырма:
Қазақстан халқының ұлттық құрамы, саны бойынша 3 түрлі диаграмманы жеке параққа орналастыру.

Кестелік мәліметтердің графикалық көрінісі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама