- 05 нау. 2024 03:26
- 223
Төрт түлік
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 5. Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар, бейнеролик арқылы тақырыпты болжау.
5. Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.
5. ӘТН3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер мен омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар жасай алады:
• Тиісті сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысады, өз пікірін білдіреді.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Мәтін мазмұнына сай сұрақ құрастыра алады.
Оқушылардың кейбіреуі жасай алады:
• Сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.
Күтілетін нәтижелер: Төрт түлік мал жайында ақпарат береді, жануарлардың мінез - құлқын сипаттайды, қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың қалыптасқан ұғымдар мен түсініктерге, атау сөздерге түсінік береді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, әдебиет
Қажетті құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд, «Төрт түлік мал туралы бейнекөрілім, түрлі - түсті қағаздар, маркер, кесте, қарындаштар
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Кімнің жады мықты?» ойыны, «Кім білгір?» әдісі, «Экспресс» әдісі, «Мозаика» әдісі бойынша топқа бөлу.
Дереккөздер: Оқулық, әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар.
Сабақтың басы 3 минут
Психологиялық ахуал туғызу және топқа бөлу.
«Шаттық шеңбері» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
«Мозаика» әдісі бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді.
І топ – «Ботақан»
ІІ топ – «Құлыншақ»
ІІІ топ – «Қошақан»
Сабақтың ортасы 3 минут
«Экспресс» әдісі бойынша алдыңғы сабақты еске түсіру.
1. Сөздің тура және ауыспалы мағыналы сөздер дегеніміз не?
2. Синоним және антоним дегеніміз не?
Жаңа тақырыпты болжау арқылы қызығушылығын ояту.
Төрт түлік мал туралы бейнекөрініс көрсету арқылы жаңа сабақты болжау.
- Қазақ халқының өміріндегі төрт түлік малдың рөлі қандай?
1 - тапсырма. Қазақ ұғымында әр малдың иесі, пірі бар. Әр малды өзінше шақырады, әр мал өзінше дыбыс шығарады. Осыған байланысты атаулар мен сөздерді кестеге салып толтырыңыздар.
Дескриптор.
- Малдың иесі, пірін атайды;
- Мал шақыруды біледі;
- Малдың қалай дыбыстайтынын айта алады.
Бағалау. Топ басшысы бағалайды.
2 - тапсырма. «Кім білгір?» Қай топ төрт түлік мал туралы көп мақал - мәтел айтады?
А) Төрт түліктің төресі – түйе.
Ә) Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің.
Б) Ат – ер қанаты.
В) Жылқыны сауса, қымызы – дәрі, жесе, еті – дәрі, мінсе – пырақ.
Г) Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл - көсір.
Ғ) Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Д) Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық.
Е) Сиырдың сүті – тілінде.
Дескриптор.
- Төрт түлік мал туралы мақал - мәтел біледі.
Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Сергіту сәті.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге.
Алматы облысы, Ескелді ауданы,
Қарабұлақ кенті Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп - гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Намысбаева Гүлнар Ешекеевна