Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 58 минут бұрын)
«Кезінде кім еді, қазір кім?»: Динара Сәтжан Мөлдір мен Балжанды сынға алды

Танымал журналист Динара Сәтжан, Баян Алагөзова мен «КешYou» тобының бұрынғы мүшелері Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидаш арасындағы дауға қатысты өз пікірін білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баян Алагөзоваға деген құрметсіздік

Динара Сәтжанның айтуынша, Мөлдір мен Балжанның әрекеті – Баян Алагөзоваға деген құрметсіздік.

«КешYou» тобына биыл 20 жыл толды. Бұл – нағыз армия сияқты. Баян талапшыл, кейде қатал болғанымен, мықты тәлімгерлер ешқашан «ыңғайлы» болмайды. Олар адамның бойындағы өзі де өмір бойы аша алмауы мүмкін әлеуетті көріп, қысым жасайды», – дейді ол.

Жұлдыз болудың жолы

Журналист 20 жыл ішінде «КешYou» тобынан өткен ондаған қыздың танымал жұлдыз болып шыққанын атап өтті.

«Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидаш ол кезде кім еді? Арманы мен амбициясы бар қарапайым қыздар. Ал бүгінде олар – танымал, табысты, өз орнын тапқан әйелдер. Неге оларға алғыс айту соншалықты қиын? Бұл әлсіздік емес қой. Тіпті деректі фильмде оларды «сұлу» деп айтпаған болса да, түсінгенімше, негізгі реніш осы сияқты», – деп жазды Сәтжан.

Мансапқа қосқан үлесті мойындау

Динара Сәтжан адамдарды трамплин ретінде пайдалану – шоу-бизнесте қалыпты нәрсе екенін айтты. Алайда, Баян Алагөзова мен Бағолидей трамплин болмағандай кейіп таныту – пендешілік екенін жеткізді.

«Ешкім олардан табынуды сұрап отырған жоқ. Бірақ мансаптарына қосқан үлесті мойындау, мерейтойлық концертке қатысу – бұл құрметтің белгісі. Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері. Бұл – жай ғана сыйлық емес, көпжылдық еңбектің нәтижесі. Мемлекет пен ел оларды мойындайды. Ал Мөлдір мен Балжан кім, өздеріне есім жасап берген адамдардың еңбегін жоққа шығаратындай?» – деп сауал тастады журналист.

Жаңалықтар

Жарнама