Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кім мяу деді?

Күшік үй жанында ұйықтап жатады. Бір кезде: «мяу» деген дыбыс естіледі. Күшік ұшып тұрып, «мяу» деген кім деп іздей бастайды.
Әтешке кездеседі: Сен «мяу» дедің бе?

Әтеш: ку - ка - ре - ку. Жоқ, мен емес, мен мақтаншақ әтешпін.

Күшік тышқанды көреді:

— Сен «мяу» дедің бе?

— Пи - пи - пи, жоқ мен емес. Мен кішкентай, қорқақ, қара тышқанмын.

— Енді күшік үйшіктің жанынан үлкен қабаған итті көреді.

— Сен «мяу» дедің бе?

— Ав - ав, мен емес. Мен үлкен ашулы қабаған итпін.

Осы кезде ара ызыңдап, күшікті шағып алады.

Күшік өзендегі суға мұрынын жуып жатып жүзіп бара жатқан балықты көреді.

— Сен «мяу» дедің бе?

Балық үнтүнсіз жүзіп кете барады.
Өзендегі бақа тіл қатады:

— Ква - ква. Балық сөйлемейді.

— Сонда, сен «мяу» дедің ғой?

— Жоқ, мен емес. Мен бақылдауық бақамын.

Күшік үйшігіне қайтып келеді. Орнына жатады. Осы кезде тағы да «мяу - мяу» деген дауысты естиді.

Күшік мысықты көріп қалып:

— А - а, сен ғой «мяу» деген деп қуа жөнеледі.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама