- 26 қар. 2019 00:00
- 205
Көк бұқа
Мұңғұл-қазақ жауласып тұрған шақтарда, мұңғұл елі қазақтың бір ауылының мал-жанын барымтаға алып кетіпті. Осы барымтаға айдалған малдың ішінде бір қора сиыр кетіпті. Келесі көктемдердің бірінде әлгі бір қора сиырды бір көк бұқа қайта айдап келіпті. Бақса, көк бұқа барымтаға кеткен сиырлардың біреуінің ішінде бұзау кеткен екен. Жануар мұңғұл жеріне барып туып, бұзауынан бұқаша болғанға дейін ол жерді жерсінбей жүріпті де, өзі құнан бұқаға айналған көктемде бір қора сиыр- ды айдап ежелгі мекеніне жеткен екен. «Көк бұқа» күйі осыдан
пайда болыпты.