Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Көлік және жол белгілері. Жол
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көлік және жол белгілері
Сабақ тақырыбы: Жол
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу.
Құндылықтарды дарыту: Мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз тілін, өз отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеу
Пәнаралық байланыстар: Өмір қауіпсіздік негіздері, әдебиет
АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта
Бастапқы білім: Жол, көлік, жол белгілері, қауіпсіздік және жол ережелері

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Психологиялық ахуал: Шаттық шеңбері
3. Топқа біріктіру
4. Миға шабуыл: құрамында сан есімдері бар мақал - мәтел айту, жұмбақ шешу.
- Таңертең төрт аяқты, түсте екі аяқты, кешке үш аяқты (адамның сәби, жігіт, қарттық шағы).
- Бес ін, бес іннің аузы бір ін (қолғап).
- Бес жанды бір жансызға мінгеседі, үстінде ақ тақырдың із кеседі (қалам, адамның 5 саусағы).
«Алтын сандық» Берілген сұраққа нақты, дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтарын ата?
3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?
4. Дара сан есім дегеніміз не?
5. Күрделі сан есімдерге мысал келтір?
6. Сан есімнің мағынасына қарай түрлерін ата?
7. Есептік сан есім сұрақтары?
8. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтар?
9. – ау, - еу жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім?
10. Нешінші? Қай сан есімнің сұрағы?
11. Қай сан есімдерге - ау,- еу жұрнағы жалғанғанда ы, і дыбыстары түсіріліп қолданылады?
12. Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтарды ата?
13. Қаншадан? нешеден? сұрақтарына жауап беретін сан есім?
14. Оннан екі - қандай сан есім?
15. Мың, жүз құрамына қарай қандай сан есімдер?
16. Екеу, үшеу, төртеу - қандай сан есімдер?
Тапсырма №1
Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің негізгі ақпараттарын анықтауға бағытталған
сұрақтар құрастырыңыз (3 сұрақ).
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі ақпараттарды анықтайды;
• Ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады.
Мәтін
Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.
Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі.
Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында - алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.
Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ересектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.
Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.
Дескриптор Білім алушы
- нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар
құрастырады (3 сұрақ).
«Ұшақ» әдісі арқылы топтар бір - бірінің сұрақтарына жауап береді.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін - бірі бағалайды.

Тапсырма №2
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тиісті сан есімдерді табады;
• Сан есімнің мағыналық түрлерін анықтайды..
1 - топ
Берілген сөйлемдерден сан есімдерді тауып, сан есімдердің мағыналық түрлерін анықтау.
• ……. атасын білмеген жетесіз.
• 2 Қызға …. үйден тию.
• 3…… жасар бала алыстан келсе,
Алпыстағы қария сәлем берер.
4. Екі елді жол қосады,
Екі адамды қол қосады.

2 - топ
1…ала болса, ауыздағы кетеді.
…. түгел болса төбедегі келеді.
2 Білекті бірді жығар, білімді …жығар.
3 Ер жігіттің …. сөйлегені - өлгені.
4. Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.

Мұғалімнің аты - жөні: Г. Жексенбаева
Көлік және жол белгілері. Жол. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама