- 04 там. 2016 00:00
- 265
Колледж түлектері оқу гранттарын бөлу кезінде алғаш рет басымдыққа ие болады
2016 жылдан бастап алғаш рет рет колледж түлектері Қазақстан ЖОО-ларына түсуге оқу гранттарын бөлу кезінде басымдыққа ие болады. Бұл туралы бүгін Астана Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры міндетін атқарушы Гүлзат Көбенова мәлім етті.
«2016 жылдан бастап алғаш рет біліктілігін растаған және мамандығы бойынша бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар колледж түлектері барлық мамандықтар тұрғысында айрықша құқыққа ие», - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 31 702 грант бөлінді,оның ішінде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант 1 курсқа қабылдауға қарастырылды.
Жалпы, конкурсқа І, ІІ топ мүгедектігі бар 363 адам, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдерінен қамтылған 1 053 адам, сондай-ақ 492 ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен жетім балалар қатысуда. Бұл адамдарға квоталар белгіленген.
«ҚР азаматы емес қазақ ұлты өкілдері үшін жоғары оқу орындарына қабылдаудың квотасы бекітілген мемлекеттік тапсырыс көлемінен 2 пайыз мөлшерінде белгіленді. Сәйкесінше, қазақ диаспорасы өкілдері белгіленген квота шегінде қатыса алады», - деді Г. Көбенова.
Қазақстанда жоғары оқу орнына түсу үшін білім гранттары иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында 12 тамызға дейін жарияланады деп күтілуде.