Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Алматы облыстық №15 мектеп - интернатының
информатика пәні мұғалімі Байғазы Арай

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері: жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;
Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі бекіту сабағы

Сабақтың өту барысы:
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Құрал - жабдықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау: Программалау жүйесі бойынша түсініктерін сұрау.
3. Өткен сабақты қайталау:
1. LineTo және LineRel процедурасының айырмашылығы неде?
2. Шеңбер салу операторын ата?
3. Arc процедурасы не үшін қолданылады,
4. Эллипс салу операторының жазылу форматы қандай?
5. Rectangle процедурасы не үшін қолданылады?
6. Set textstyle процедурасы қандай қызмет атқарады?
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру(слайдпен жұмыс)

Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екні немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.
Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.
Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.
Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.
Модем (Модулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдыруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.

Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.
Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.
Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған, біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама