Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көне түрік қамалында 4 мың жыл бұрын салынған құпия үңгіртау табылды

Түркиядағы Орталық Анатолияның көне Гевале қамалында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар 4000 мыңға жуық жыл уақыт бұрын салынған құпия туннельді анықтады, - деп мәлімдейді epochtimes.ru.


Гевале қамалы Таккель тауының шынында, 1700 метр биіктікте, Түркиядағы Конья қаласынан батысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан. Бұл орын көптеген өркениеттер: хеттер, эллинистік, римдік, византиялық, сельджуктер, қараманидтер және Осман дәуірінің мекені болған. Сол кездері қамал аймақтағы ең мықты қорғаныстардың біріне айналды. 

Гевале қамалындағы археологиялық қазба жұмыстары 2012 жылы Түркияның Мәдениет министрлігінің, Конья мұражайының Бас дирекциясы және Эрбакан университетінің басшылығымен басталған. Ғалымдар мұнда әшекейленген және әшекейленбеген керамикалық құмыралар,  өзге де тұтыну құралдарын,металл заттарын тапты. Өткен жылы археологтар қорған үйінділері мен жартастарға ойылып жазылған цистерналарды қазып алды.

Зерттеушілер сондай-ақ хеттердің төрт мың жылға жуық бұрын салған, селжұқтар (ХІ-ХІ ғғ.) дәуірінде пайдаланылған құпия туннельді анықтады, деп жазады Hurriyet Daily News.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама