Көп және Бір. 1 саны және цифры. Сантиметр.
«Көп» және «Бір». 1 саны және цифры. Сантиметр.
Сабақтың тақырыбы: «Көп» және «Бір». 1 саны және цифры. Сантиметр.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: 1 санының мән-мағынасын ашу (көп заттың ішінен бір затты бөліп алу);
2. Дамытушылық: Сан және цифр туралы түсінік беру; 1 цифрын жазып үйрену; «Сантиметр» туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, ізденушілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. Достық қарым - қатынас пен ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың әдісі: аралас
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану
Сабақтың көрнекіліктері: сандар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
- Армысыз, қайырлы Күн!
- Армысыз, қайырымды Аспан - ата
- Армысыз, мейірімді Жер - ана!
- Күліп, ойнап, қуанайық, шаттанайық бәріміз.
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
- Балалар, бүгін бізге Жұмбақбай ата қонаққа келіп отыр, сендерге бірнеше жұмбақ әкеліпті. Осы жұмбақтарды шеше отырып бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетейік.
1. Ақыл - ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне шықсаң да,
Қанбайды адам құмары. (Білім)
2. Білімнен мол
Сый, асы.
Балдырғандардың ұясы (Мектеп)
- Ал сендер нешінші сыныпта оқисындар? ( 1)
- Жұмбақбай атамен бірге бізге «1» цифра келді. Бұл цифра не нәрсеге ұқсайды?
ІV. Жаңа материалды меңгерту.
Жаңа материалды енгізу практикалық жұмыстан басталады. Мұғалім ұлдардың орнынан тұруын сұрайды:
- Барлығы неше ұл?
- Ал... есімді ұл нешеу?
- Сөреде неше машина?
- Жүк машинасы нешеу?
- Үстеліңнің үстінде көп шаршы жатыр, біреуін қана көрсет. Геометриялық фигуралар, заттық суреттермен осыған ұқсас жұмыстар жүргізіледі.
V. Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырма көп заттың ішінен бір затты бөліп алу арқылы 1 санымен танысуға арналған. Балалар суреттен бір және көп заттарды көрсетеді.
№2 тапсырманы орындау кезінде оқушылар көп және бір заттарды атайды (аспанда бұлт көп, күн біреу, көп гүл және бір шырша). Білімдерін бақылау үшін «Бір және көп заттарды тап» ойынын жүргізуге болады. Ойын барысында балалар бір және көп затты ажырата алуға, бір затты көп заттың бөлігі ретінде тануға жаттығады.
Содан кейін мұғалім бір санының қалай белгіленетініне назарларын аударады. Мұғалім «сан» және «цифр» туралы түсінік береді, 1 цифрының баспаша, жазбаша түрімен таныстырады.
VІ. Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалды сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
VІІ. Дәптермен жұмыс 26 бет
Осы сабақта балалар цифрды жазып үйренуді бастайды. Графикалық дағдыларын қалыптастыру үшін дәптердегі №2 тапсырманы орындайды. Мұғалім балаларды 1 цифрының жазбаша үлгісімен таныстырып, жазылу жолын түсіндіреді. Алғашқы күннен цифрды торкөзде көрсетілген үлгідегідей бірде жылдамдықта жазуға үйрету маңызды:
«Торкөздегі жазуға қараңдар. Қандай цифр жазылған? 1 цифры торкөздің ортасынан бастап жазылады, сызықты торкөздің жоғарғы бұрышына дейін жеткізіп, содан кейін ол сызықты қайтадан төмен қарайды торкөздің ортасына дейін жеткіземіз. Цифрды ауада санау арқылы жазыңдар. «Бір» дегенде сызықты жоғары жүргіземіз, «және» дегенде тоқтаймыз, «екі» дегенде сызықты төмен қарай жүргіземіз. 1 цифрын үзік сызықтарды бастыра отырып жазамыз. Тағы бір жолды өзбеттерінше жазыңдар»
№1,№3 тапсырмаларды алдын ала оқып беріп, өз беттерінше орындауға тапсыруға болады.
Сантиметрмен таныстыру. №3 тапсырманы орындау кезінде оқушылардың назарын ұзындықтарды әртүрлі жжолақтармен өлшеудің кесінділердің ұзындықтарын салыстыруда қиындықтар туғызатына аудару керек. Содан кейін мұғалім «38 тоты құс» мультфильмінің сюжетін маймылды, пілді, жыландарды еске түсіреді.
- Неге мультфильм кейіпкерлерінің ішінде жыландардың ұзындығы әртүрлі болды?
- Заттардың ұзындығын дұрыс салыстыру үшін бірдей өлшемдерді пайдалану керек.
Олар ұзындықты бірдей жолақпен өлшеуге келісті. Кішкентай заттардың ұзындығын салыстыру үшін мынадай кішкентай өлшемді алды ( ұзындығы 1 см жолақ көрсетіледі). Бұл жолақтың ұзыныдығы - сантиметр.
- Сантиметрмен өз дәптерлеріңнің енін өлшендер (әр оқушыда ұзындығы 1 см өлшем болады). Содан кейін сызғышты қарау ұсынылады.
- Сызғыш - түзу сызық, кесінді, фигураларды сызуға, өлшеуге арналған құрал. Сызғыштың әр бөлігі (1 см ) сызықшамен белгіленген, ол жерде цифр тұрады. Цифрлар сызғышқа ұзындығы 1 смөлшемнің нешеуін сыйғызуға болатынын көрсетеді. Содан кейін оқушылар №4 тапсырманы орындайды. Бұл жерде сызғышпен өлшемей - ақ көз мөлшермен ең ұзын кесіндіні табады.
VIIІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.
Қосымша материал
Адамдар санауды қалай үйренді?
Мыңдаған жылдар бұрын біздің ата - бабаларымыз санауды білген жоқ.
Алғашқы адамдарға санауды үйрететін ешкім болған жоқ. Олардың ұстазы өмірдің өзі болды. Қоршаған ортаны бақылай отырып, алғашқы адамдар жеке заттарды бөліп алуды үйренді. Қасқырлар үйірінен олар біреуін - үйірдің көсемін, құстар тобынан - бір құсты, астық масағынан - бір дәнді бөліп алды. Осылайша көп заттың ішінен бір затты бөліп алу арқылы «көп» және «бір» деп айтады. Жұп заттардан тұратын (көз, қол, аяқ, қанат, т. б. ) көп заттарды жиі бақылау адамды екі саны туралы түсінікке алып келді. Алғашқы адам үйректер жұбын көргенін айтып, оларды екі көзбен салыстырды. Ал егер ол көбірек зат көрсе, оны «көп» деп айтты. Санауға үйренуді өмірдің өзі талап етті. Аң аулап кезінде тайпа көсеміне аңшыларды аңды қоршап тұратындай тұрғызуға тура келді. Мысалы: екеуін - сол жаққа, екеуін - оң жаққа, төртеуін - арт жаққа, т. б. Демек, көсемге санауға тура келді, егер ол санды қалай атауды білмесе, онда саусағымен көрсетті. Осылай санау аң аулау кезінде оларға қажет болды.
Бірнеше ондаған жыл бұрын археологтар ежелгі адамдардың қонысын тапты. Одан өте ертеде бір аңшы 55 кертік салған қасқырдың сүйегін тапты. Осы кертіктерді жасай отырып, оны саусақтарымен санағаны көрініп тұрды. Сүйектегі өрнек әрқайсысында 5 кертіктен бар 11 топтан тұрды. Сонымен бірге ол алғашқы бес топты қалғандарынан ұзын сызықпен бөлді. Одан бері мыңдаған жылдар өтті. Бірақ швед шаруалары қазір де сүтті ірімшік қайнатқышқа жібере отырып, флягтардың санын осындай кертіктермен белгілейді.