Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Көп мағыналы сөздер
Қазақ тілі 5 сынып
Тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
Мақсаты: Оқушыларға көп мағыналы сөздер туралы түсінік беру.
Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды - ойлау дағдыларын дамыту.
түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс: СТО
Сабақтың көрнекілігі: кесте
Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
Үй жұмысын тексеру (ереже, жазба жұмыстарын тексеру)

Ой шақыру
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оның тура не ауыспалы мағынада тұрғанын айтыңдар
Ағасы бардың -... бар.
Інісі бардың -... бар.
... тасыса, қайық төгілер.
... тасыса, ақыл төгілер.
Тарақтың тісі, адамның тісі Көйлектің жағасы, көлдің жағасы
3. Кітап досың, ақылшың
Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
1. Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.
2. Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.
3. Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы - Алланың добы.

ІІ. Мағынаны ажырату
Оқулықпен жұмыс
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы болды. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие болып жатады, соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.
Мысалы:
Бас (зат есім)- 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.
Ата (зат есім)- 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 21) ата жолы - ескіден қалған жөн – жоба, әдет – ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.
Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.
Кісінің кілті - аспанда. Көңіл көзін сөз ашар. Қыз өмірдің - гүлі. т. б.

51 - жаттығу 2 топқа бөліп орындату
52 - жаттығу( ауызша)
53 - жаттығу (1, 2тапсырмасы) ауызша
54 - жаттығу Көшіріп жазу

Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
1. Тарақтың тісі, адамның тісі
2. Көйлектің жағасы, көлдің жағасы
3. Кітап досың, ақылшың
1. Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.
2. Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.
3. Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы - Алланың добы.

ІІІ. Ой-толғаныс Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

4. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап
А) Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы, жұмыстың басы
Б) Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті
В) сағат тілі, кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі

5. Кім көп біледі?
Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр
1 Адамның аяғы,....
2 Домбыраның құлағы,....
3 Жараның ауызы,....
4 Пышақтың жүзі,.....

Үйге:
Ереже 55 - жаттығу55 - жаттығудың шығармашылық тапсырмасы
Бағалау;

Көп мағыналы сөздер. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама