Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Көрсеткіштік теңдеулерге есептер шығару
Математика 11 сынып
Сабақ тақырыбы: Көрсеткіштік теңдеулерге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көрсеткіштік теңдеулерге анықтамаларды қайталай отырып есептер шығару. Теңдеулердің қарапайым және күрделі түрлерін оқушыларға шығаруды үйрету және алған білімдерін тереңдету.

Теңдеу – барлық математикалық сезамдарды ашатын алтын кілт
Поляк математигі: Станислав Коваль

Көрсеткіштік теңдеулер және оларды шешу тәсілдері:
1. Бірдей негізге келтіру тәсілі
2. Жаңа айнымалы енгізу тәсілі
3. Графиктік тәсілді қолдану.

І. Бірдей негізге келтіру тәсілімен көрсеткіштік теңдеулерді шығару үшін мынадай алгортмдер қолданылады:

- Теңдеудің екі жағын бірдей негізге келтіреміз;
- Теңдеу бірдей негізге келтірілгеннен кейін олардың сол және оң жақ бөлігіндегі дәреже көрсеткіштерін теңестіріп, алгебралық теңдеу аламыз;
- Осы алгебралық теңдеуді шешеміз;
- Табылған түбірлерді берілген теңдеудегі айнымалының орнына апарып қойып тексереміз;
- Тексеру нәтижесіне қарап берілген теңдеудің жауабын жазамыз.

ІІ. Жаңа айнымалы енгізу тәсілі
Көрсеткіштік теңдеулерді жаңа айнымалы енгізу тәсілімен шығарғанда, төмендегідей алгоритм қолданылады

- Айнымалыларды жаңа айнымалымен ауыстырып алгебралық теңдеу аламыз;
- Осы алгебралық теңдеуді шешеміз;
- Алгебралық теңдеудің табылған түбірлерін алмастырылған теңдікке қойып, алғашқы айнымалының мәндерін анықтаймыз;
- Табылған мәндерді берілген теңдеудегі айнымалының орнына қойып тексереміз;
- Берілген теңдеудің жауабын жазамыз
Көрсеткіштік теңдеулерге есептер шығару. слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама