Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір

Сабақтың тақырыбы: Көсемше
Сабақтың мақсаты: көсемшеден алған білімдерін пысықтау, есімшеден
айырмашылығын білу.
Сабақтың дамытушылығы: көсемшенің жіктелу ерекшелігін және
талдау жасау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың тәрбиелігі: талдауға арналған сөйлемдер арқылы әдептілікке, ата-ананы құрметтеуге, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына өз еңбегімізді қосуға баулу және жыл мезгілдері қыс табиғатының сұлулығын бейнелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап (миға шабуыл стратегиясы) СТО технологиясы бойынша ДЖИКСО стратегиясы, сатылай кешенді талдау, ұлттық танымдық ойын элементтері, талдау әдістері.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, халықтық педагогика
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту ( миға шабуыл стратегиясы)
Мақсаты: өтілген тақырыптарды шағын сұрақтар арқылы сұрау, тез жауап беруге үйрету, детальдап оқыту.
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
ІІ. «Джиксо» стратегиясы
Мақсаты: жаңа «тақырыпты тереңнен таныстыру» кезеңі
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
254-жаттығу.
Мақсаты: көсемшелерді көмекші етістіктермен тіркестіріп күрделі етістік жасау.
Үлгі: жүгіре жөнелді, жүгіре келеді, жүгіргелі жүр.
ІV. Деңгейлік тапсырмалар (ұлттық танымдық ойын элементтері)
«Алтын қақпа» ойыны 3 кезеңнен тұрады.
* «Қола қақпа» кезеңі
* «Күміс қақпа» кезеңі
* «Алтын қақпа» кезеңі

1) «Қола қақпа» кезеңінің тапсырмасы
«Даналық ойдан дән ізде» айдарымен
«Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі болып қалады.
Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман! »

Ә. Нұршайықов

Тапсырма: Сатылай кешенді талдау әдісі
Тәуелсіздік сөзіне фонетикалық талдау жасау
Дәстүр сөзіне морфологиялық талдау жасау
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
«Қола қақпа »тапсырмаларын өте жақсы орындаған оқушыларға өмірлерің гүлдей жайнасын деп«гүл шашу» етеді.

2) «Күміс қақпа» кезеңінің тапсырмасы
«Өнер алды қызыл тіл» айдарымен
Мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқу жұмысы және көсемшені, есімшені табу.
М.Мақатаев «Анау-аспан, мынау-бақ»

Анау-аспан, мынау-бақ,
Аспанда бұлт, бақ жадау.
Мамық ұшты қылаулап,
Қыста келіп қалған-ау.
Аспан жердің арасын,
Дәрігер қыс алуда,
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда
Тоңдырып ап маңдайын
Тағы көйлек сұрап жүр.
Бақты кезіп тал-қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.
Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
Қыс – тазалық, қыс – аппақ,
Әрі өкініш, әрі өлең.

Тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу, етістіктің көсемше, есімше категориясын табу.
«Күміс қақпа »тапсырмаларын өте жақсы орындаған оқушыларға күміс көмей әнші болсын деп қазақтың «ұлттық домбырасын» сый -тарту етіп жатыр.
3) «Алтын қақпа» кезеңінің тапсырмасы

«Бұлақ көрсең, көзін аш» айдарымен (шығармашылық жұмыс)
Мақсаты: «Бес жолды өлең» әдісі арқылы өлең шығару немесе эссе жазу, қыс мезгіліне байланысты.
1. Аязды күн
2. тоңдырды.
3. Мамықтай боп
4. Буырқанып
5. қар жауды.
«Алтын қақпа »тапсырмаларын өте жақсы орындаған оқушыларға «Кітап – білім бұлағы» деп кітаптар тарту етеді.

V. Қорытындылау:
Олай болса, білім іздеген егеменді еліміздің ертеңгісін ойлайтын шәкірттерім, сабағымызды қорытындылай келе, 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан еліне жолдауында:
«Мен қазіргі замандағы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін...» деп атап көрсеткен болатын.
Олай болса, етістіктің өзіне тән ерекше категориясы – есімше, көсемшенің ұқсастық даралық стратегиясы бойынша қорытындылауды өздеріне беремін.
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
VІ. Үй тапсырмасы: 255-жаттығу. «Кітап- таусылмас қазына» шығарма
VІІ. Бағалау нормасы.
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір

Сабақтың мақсаты: 1. Мұқағали Мақатаевтың ақпан айында туған күні, соған байланысты сабағымды «Ақын рухына тағзым» деп алдым.
2. Жалпы құрмалас сөйлемдерге үтірдің қойылу себебін түсіндіру және меңгерту.
Сабақтың дамытушылығы: Құрмаластан алған білімдерін ары қарай дамыта отырып, пунктуация –жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба екенін білу.
Сабақтың тәрбиелілігі : Мұқағали шығармалары арқылы оқушыларға салт-дәстүр және ұлттық болмыс ұғымдарын қалыптастыра отырып ана тілін сүю,елін, жерін, Отанын сүю т.б. тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі, түрі: Жаңа тақырыпты меңгерте отырып, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: Бейнетаспа,аудио, сөйлемдер кестесі,ұлттық суреттер. «Не білу керек» кестесі, «Мұқағали әлеміне шолу» кітап үйірмесі не айтады?

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасы
а) синтаксис тарауы нені зерттейді.
ә) Сөйлем түрлері : Жай сөйлем,құрмалас сөйлем
б) «Кестені толтыру» жаттығуы
3. Жаңа тақырып
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
4. Оқулық бойынша мәтінмен жұмыс.
«Қайырымдылық қазақ халқына тән қасиет
5. Ауызша. Үнтаспадан Мұқалидың «Махаббат диалогы» оқылады.
(Тыныс белгілеріне талдау)

6. «Бәйге» жарысы
Мақсаты:
1) Үтірдің қойылу себебі
2) «Бәйге» деген сөзге түсінік беру
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
Үйге тапсырма
Бағалау нормасы
Мұғалімнің қорытынды сөзі
(Тақырып бойынша пысықтау сұрақтарымен сабақты бекітеді)
«Өлі жебемей, тірі байымайды» дейді қазақ, олай болса, артыңда өшпес мұрасы бар Мұқағали жырлары есімізден сірә кетпесі анық.
Сынып оқушыларының орындауында «Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.

Сабақтың тақырыбы: Кейінді ықпал
Сабақтың мақсаты: Ғ.Мүсіреповтің 111 жылдығына орай ұйымдастырылған сабақ
Сабақтың білімділігі: кейінді ықпал туралы мағұлмат беру
Сабақтың тәрбиелілігі:
1) Ананы құрметтеу, баланың анаға деген махаббаты
2) Ат-ер қанаты (Жылқы жылы)
3) Бірінші байлық-денсаулық

Сабақтың дамытушылығы: кейінді ықпалдың ілгерінді ықпалдан айырмашылығы
Сабақтың әдісі: жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын жаңашылдықпен, өмірмен байланыстыра түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ғ.Мүсіреповтің бейнесі, сызбалар, жылқы,сиыр суреттері, сөйлем, сөз тіркесін құрау, карт тізбегі және т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасы тексеріледі. 322-жаттығу
3. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары
4. Жек оқушыға тапсырма беріледі: карт тізбегі арқылы жаңа сөз құрау,ілгерінді ықпал деген сөздің антонимі жазылады.
Мұғалім: Оқушылар, бүгін біз жаңа тақырыбымызды, кеше өздеріңіз әдебиеттен танысқан, «Жаңа достар» әңгімесін жазған Ғ.Мүсіреповтің биыл туғанына 111 жыл, олай болса, сабағымызды «Өшпейтұғын артына із қалдырған...» деген тақырыпта әрі қарай жүргіземіз.
Дәптерлеріңе бүгінгі күн,жаңа тақырып жазылады.
1. Бораш кітабын жастық астына алып жататын.
2. Мен апамның білегін басыма салып жатқанды ұнататынмын.
3. Құлағыма да дүрс-дүрс етіп, апамның жүрегінің соққаны естіледі.
4. «Қарға баласын аппағым» деп сүйеді дегендей, апам мені иіскелеп, аймалап сүйе беретін.
Кітабы, білегі, жүрегі,аппағы
а). Оқушылардың көмегімен осы сөздердің түбірін табамыз.
ә). Әңгімедегі баланың анаға деген махаббаатын ауызша анықтау, өздерінің пікірін тыңдау
Оқулық бойынша жұмыс,327-жаттығу
Мақсаты:
түбір сөзге қосымша жалғаймыз.
Диктант түрлерін көрсету
1. Графикалық диктант
Мақсаты: үш қатарға үш түрлі жұмыс ( Графаны толтыру қажет)
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
2. Терме диктант
Тақтада: «Құлағың сау болсын десең» деген мәтін тұр.
Мақсаты: Кейінді ықпалдарды теріп жазу қажет, түбірге ажырату және жылқы жылы туралы хабарламалар
3. «Ой дамыту» диктанты
Тақтада мынандай қанатты сөз ілулі тұрады.
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» Ғ.Мүсірепов
Мақсаты: Оқушылардың еркін сөйлеуі, өз ойларынайтуы, тіл туралы... (қазіргі таңдағы мәселе)
Сергіту ойыны (Математикалық емеп шығару)

12 < 26="" (="" дауысты,="" дауыссыз="" дыбыстарға="">

Қорыту, пысықтау сұрақтары
Үлкендеу ақ қағазға салынған жылқы суреті тұр.
1. Биылғы жыл-Жылқы жылы
2. Жылқы малының қасиеттері
3. Елтаңбадағы пырақтың бейнеленуі
Көсемше, Сөйлем, Кейінді ықпал, Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір

Үйге тапсырма: «Ер қанаты-ат» тақырыбына эссе жазу , Кейінді ықпал
Бағалау нормасы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама