- 28 ақп. 2020 00:00
- 219
Көтерілісшілер
«Мәдениет зор төңкерісінің» алғашқы кезі болса керек. Бір күні момын біреу шай-шалаң әкелмек болып базарға барыпты. Көшенің не болып жатқанымен хабары жоқ ол көше шетіне іліне бергенде, басында бір-бір метрлік қағаз қалпағы бар, мойнында асқан тақтайы бар бірнеше адамды көше халқы тырағайлата қойып жүрсе керек. Олардың дүңгірлетіп ұрып жүрген домбақтарын «пәленді, түгенді жоғалтайық!» деген ұрандарын естіп зәресі ұшып, үйіне қарай қайта қашыпты.
Үйіне келе сала кемпіріне:
— Ойбай кемпір, Ысқақ, Мұқи, Садық бастаған бір тобыр мойындарына әлем-жәлем байлапты да бірнешеуі қызыл тоғанақ сияқты бір нәрсені сұққылап, енді бірқаншасы табақ сияқты қаңылтырды ұрғылап, «жоғалтайық!» деп қуып кетті, ей, енді жоғалтып та болған шығар, өзімді де қуып кете ме деп қайта қаштым, — депті.