Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Курчатовта 600 орындық қазақ мектебі ашылды

Таяуда Курчатов қаласында 600 орындық жаңа қазақ мектебі салтанатты түрде ашылды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған № 4 жалпы білім беретін орта мектеп № 1 мектептің үш ауысымда білім алу мәселесін шешуге бағытталған, деп жазады облыстық «Дидар» газеті.

Қала әкімі Нұрбол Нұрғалиев құттықтау сөзінде жаңа мектеп өсіп келе жатқан ұрпаққа білім мен тағылымды тәрбие беретінін айтып өтті. Жаңа мектеп ұжымына еліміздің патриоттары мен біліктілігі жоғары мамандарды тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі. 
Мектептің құрылысына 867 млн теңге Ұлттық қордан бөлінді. Мектептің құрылысына 3,2 га аумақты алатын жер телімі берілген. Мектептің аумағы 2 аймаққа бөлінген: дене шынықтыру-спорт және әртүрлі жастағы оқушыларға арналған қимыл-қозғалыс ойындар алаңдары бар демалыс аймағы. Жаңа мектепте оқу процесін ыңғайлы ету үшін барлық жағдай жасалған. Сыныптар компьютерлік техникамен, интерактивті тақталармен, көрнекті әдістемелік құралдармен жабдықталған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама