Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Күй құдіреті

Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын алады. Ол өзі жасап алған қыпшағымен (домбыра) бір күй тартса, жұрттың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Енді бір күйін тартқанда әлгілер қамығып жылай бастайды. Және бір күй тартқан сәтте бәрі маужырап ұйықтап қалыпты. «Бұл күйлерді тартқан қыпшақ әл-Фараби» деп Фараби хат жазыпты да, өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмір оны қанша іздесе де таба алмапты.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама