- 09 жел. 2019 00:00
- 285
Екінші ұстаз
Шам шаһарының әмірі өз хұзырына ғалым, шайырларды жинапты. Ол әл-Фарабиді сынамақ болып:
— Өзіңе лайықты орын тауып отыр, — депті. Сөйтсе, әл-Фараби тура әмір тағына барып отырады. Сонда әлгі әмір қасындағы уәзіріне беймәлім тілде:
— Мына түрік әдеп сақтамады ғой, — депті.
Әл-Фараби оны дереу түсіне қойыпты да:
— Тақсыр, мен жетпіс тіл білемін, — депті. Ыңғайсызданып қалған әмір, халпелер: «Кешіріңіз, сіз екінші ұстаз екенсіз ғой, байқамай қалдық», — деп оған жол береді.