- 09 жел. 2019 00:00
- 243
Өнерлі жігіт
Фараби бір күні базарға барса, өңі келісті, жарқын жүзді бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп отырады. Оны қоршап алып тамаша көргендер әр түрлі сөздер айтып, тиын-тебен тастап өтіп жатады. Сонда Әбу Насыр оған жақындап барып:
— Күніне қанша табасың? — дейді.
— Екі дирхемге жетер-жетпес.
— Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, — деп оны ертіп кетеді.
Бұл гәпті естіген саудагер мен делдалдар:
— Мына диуана дәруіштің дені сау ма? Жетімді есіркей қалыпты ғой, өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем өз жанынан төлегені несі, — деп күледі.
Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.