Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Күз ғажайыбы
Күз ғажайыбы
Жүргізуші: Армысыздар! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізге қош келдіңіздер!
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Күз мезгілінде күннің шуағы азаятынын бәріміз де білеміз, дегенмен де күннің ыстық жылуын қимай балаларымыз қазір ән орындап береді.
Ән «Күн»

Жүргізуші: - Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ: Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгілде ойлайсың?
Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
(Балалардың жауабы).
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр - түрлі! («Балапандар» биін орындайды)
Жүргізуші: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! Ойыннан бұрын балаларымыздың сізге арнаған тақпақтары бар, тыңдап өтелік.
Тақпақтар:
Мадина: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!
Назгүл: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін.
Жомарт екен күз - деген.
Жазира: Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Жансерік: Алақай, алақай
Шаттанды балақай
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Жүргізуші: Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.
Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»
Ән «Ойыншықтар» ( Жігер, Назерке, Нұрзат, Альфия, Назгүл, Әмина, Мадина)
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Тағы қандай өнер бар?
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сендерге, көкөністер мен жемістер сан түрлі!
(Ортаға күзгі бақтан келген қонақтар шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).
Алма (Амина): Дәмі аузыңнан кетпейді.
Қызыл алма шырын бал.
Көктей тісің өтпейді
Піскен кезде үзіп ал.
Асқабақ (Айсұлтан): Қауыннан да басқарақ
Қарбыздан да басқарақ,
Семіріпті бақшада
Қандай болып асқабақ.
Шие (Сая): Мен маржандай шиемін
Күн сәулесін сүйемін.
Жемістерім піскенде
Жерге басымды иемін.
Қияр (Алихан Т.): Дәнін егіп қиярдың
Тыным таппай сұрадым
Түйнектерін көргенде,
Бес алғандай қуандым.
Пияз (Айтжан): Қос батырдай түйілген
Тоғыз сауыт киінген,
Аршимын деп пиязды
Жылап шықтым үйімнен.
Алмұрт (Қайсар): Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім.
Алтын күз: Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай жақсы көретінін білесіз бе?
Алтын күз: Білемін, білемін, сондықтан да сендермен ойын ойнағым келіп отыр.
Ойын «Кім тез жинайды?».
Жүргізуші: Біздің балалар көкөністер мен жемістерді өте жақсы көреді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам. Олар сізге онымен қоса би билеп бермекші.
Күз ғажайыбы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама