Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Киелі аспап - қобыз
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап - қобыз.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат: қазақтың ұлттық аспаптары жайында әңгімелеу, солардың ішінде қобыз тарихына тоқталу. Белгілі сазгер Қорқыт жайында мағлұмат беру. Жаңа ән үйрену.
2. Дамытушылық мақсат: оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу мәнерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік мақсат: Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту.
Балаларға музыкалық, эстетикалық рухани тәрбие беру. Музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспа, Қорқыттың суреті, қобыздың суреті, аспаптар суреттері.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, сурет.
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, музыкалық аспап «Ямаха».
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық кезеңін жасау.
Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгін ерекше сабақ болмақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Өздеріңді еркін ұстап, білімдеріңді ортаға салуға тырысыңдар.
Сыныпқа оқушыларды түгелдеп қатыстыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Ән айту, сөйлеу ережелерін еске түсіру. ҚР. гимнін орындату.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйренген «Ақбақай» әнін жатқа әуенімен қайталау
Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал, сендер жауабын табуға тырысыңдар.
1 - слайд. Жұмбақ жасыру
Ысқышпен тартылатын, екі ішекті музыкалық аспап. Дыбысы ішекті тырнақпен басу арқылы шығады. Бұл қандай музыкалық аспап? (Қобыз)
Ендеше балалар, бүгінгі танысатын музыкалық аспабымыз – қобыз.
2 - слайд. Бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз.
Мақсаты: Қорқыттың өмірімен, қобыз аспабының шығу тарихы, құрылысымен, ерекшелігімен танысасыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақты оқып, үйрену
3 - слайд. Жаңа сабақ жоспары:
1. Қобыз аспабымен танысу. Түрлері
2. Қобыз аспабының құрылымы
3. Қобыз аспабының шығу тарихы. Қорқыттың өмірі
4. Қобыз аспабына арналған күйлерді тыңдау
4 - слайд. Қобыз түрлерінің суреттері
Өнер – қай халықтың болмасын тарихымен бірге жасасып, біте қайнасып келе жатқан ұлы құбылыс. Ежелден өнер сүйген, табиғатынан әнге әуес, күйге құмар халқымыздың рухани қазынасы өте бай.
Сол мұралар үніне құлақ түрсек ата - бабаларымыз басынан өткерген қилы - қилы замандармен сан ғасырлардан шежіре боп сыр шертеді.
- Қобыз аспабының түрлері өте көп. Прима қобыз, қыл қобыз, бас қобыз, контра бас қобыз т. б.
5 - слайд. Қобыз аспабының құрылымымен таныстыру.
Балалар қобыз аспабының құрылымына назар салайық. Аңыз - естеліктер бойынша қобыз және қобыздық музыка адам денесінен ауыр рухтарды, аурулар мен өлімді қуған. Қобыз - екі қылды шекті, ысқысы бар аспап. Аспап үш бөліктен тұрады: бас, кеуде, аяқ, негізгі бөлігі ашық кесе түрінде болады. Аспаптың төменгі бөлігі терімен тартылады. Оған тиек қойылады. Қобызға арналған шектер ат қылынан жасалады.
6 - слайд. Қорқыттың өмірі
Қобыз аспабын ойлап тапқан күйшіміздің бірі Қорқыт баба.
Ежелгі заманнан бері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі, аты аңызға айналған Қорқыт баба және оның күйлері, халқымыздың атадан балаға тараған шежіресі бойынша қазақ топырағында музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты.
7 - слайд. Қорқыт бабаның бейнесі.
Қорқыт дүниеге келерде күн күркіреп, найзағай ойнап, қатты дауыл тұрады. Жер дүниені қараңғы түнек басып, жұрттың үрейін ұшыратады. Бала анасынан туа тіл бітіп сөйлей бастайды. Алғашында бұл бір жеті басты жалмауыз болар деп қорыққан жұрт, оның адам нәсілі екенін көргенен кейін ғана көңілдері жайланады. Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан да атын «Қорқыт» деп қояйық деп нәрестенің есімін Қорқыт қояды. Қорқыт өте сезімтал, өнерлі бала болып өседі. Ол көптеген күйлер шығарады. Ол халқы мен елінің тағдыры, болашағын ойлап, көкірегі қарс айырылады, адамдардың қайғы - қасіретіне ортақтасып, мұң - шерін бөліседі.
Қорқыт күйлерінде терең философиялық тебіреніс, элегиялық көңіл күй, майда қоңыр лиризм басым. Күйші өз күйлерінде тағдырдың қайғы қасіретін, мұңын шертіп ботадай боздатса, бірде мәңгілік өмірмен сұлулық жырын төгіп, аққудай сызыла сұңқылдатады.
Қорқыттың көптеген күйлері бар. Оның 11 - і таспаға енген. Олар: «Қорқыт», «Ұшардың ұлуы», «Елім - ай», «Халқым - ай», «Әуіппай», «Башпай», «Желмая», «Тарғыл тана» т. б Қорқыттың күйлері шығу тарихы аңыз түрінде белгілі.
Мысалы: «Әуіппай» күйінің шығу тарихына тоқталатын болсам.
Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда Сырдарияның жағасына бала көтеріп бір ана келеді. Бала жылай береді. Қорқыт баласын «Әуіппай, әуіппай» деп жұбатып тұрған анаға арнап осы күйін шығарған.
Қорқыт баба 8 - 9 ғ - да Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген.(Қазіргі Қызылорда қаласы). Қорқыт оғыз - қыпшақ тайпасынан шыққан асқан сәуегей, бақсы балгер, ойшыл жыраулық, күйшілік өнердің атасы.
8 - слайд. Қобыз аспабына арналған күйлерді тыңдау.
Қорқыттың артында көптеген күйлер қалды. Олар: «Ұшардың ұлуы», «Тарғыл тана», «Әуіппай», «Қоңыр», «Желмая», т. б.
- Енді балалар, осы қобыз аспабының үнін тыңдап көрейік. (Үнтаспадан қобыз аспабының үнін тыңдату).
9 - слайд. Топтастыру
Қорқыт
Күйші
Жыршы
Бақсы, балгер
Асқан сәуегей
Әрі көріпкел
Жаңа ән үйрену
Ән айту бөлімі.
Әнді тыңдап әннің әуенін сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру, дыбыс биіктігі, дыбыс ырғақтарын келтіріп айтуға үйрету.
Дәптермен жұмыс (Дәптерге күнді, тақырыпты жаздыру )
10 - слайд.
1 - тапсырма. «Адасқан әріптер» ойыны (дұрыс сөзді табу)
Ыззысбығ - сыбызғы бмрадоы - домбыра
Алдбы - дабыл іріксүк - үскірік
Бзықо - қобыз ылпаздау - дауылпаз
Бызшаңқо - шаңқобыз ретшер - шертер
Тақаяас - асатаяқ ырйсна - сырнай
Тінжеге - жетіген ғыдаңра - даңғыра
11 - слайд. «Адасқан әріптер» ойынының жауабы
12 - слайд. Тақтамен жұмыс
2 - тапсырма. «Кім жылдам» (сөздерді тақтаға дұрыс жазу)
І. Үрмелі аспап ІІ. Ішекті аспап ІІІ. Соқпалы аспап
Сыбызғы, домбыра, дабыл
Үскірік, қобыз, дауылпаз
Шаңқобыз, шертер, асатаяқ
Сырнай, жетіген, даңғыра.
Берілген музыкалық аспаптарды 3 топқа ажырату.
13 - слайд. «Кім жылдам?» ойынының жауабы
Үрмелі аспап: сыбызғы, үскірік, сырнай;
Ішекті аспап: домбыра, қобыз, шаңқобыз, шертер, жетіген;
Соқпалы (ұрмалы) аспап: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, даңғыра.
ІҮ. Қорытындылау
1. Топтастыру
Оқушылар «Қорқыт кім?» деген сұраққа жауап береді(дәптермен жұмыс)
14 - слайд. «Қорқыт кім?» топтастыру
15 - слайд. «Қорқыт кім?» топтастыру моделі
2. Оқушылар Қобыз аспабының құрылысын бөлшектеп соны қайтадан орын - орынына қойып құрастыру керек.(дәптермен жұмыс)
16 - слайд. Қорытынды (қобызды құрастыру)
17 - слайд. Құрастырылған қобыз
Ү. Оқушы білімін бағалау: Сабаққа жақсы қатысып, сұраққа жауап беріп отырған оқушы білімін мақтап, марапаттау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма
Қобыз, Қорқыт туралы оқу. Қобыздың суретін салу, мазмұндау.

Сабақтардың толық нұсқаларын жүктеп алу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама