Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кинематика негіздері: І - ІІІ тарауды қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Кинематика негіздері: І - ІІІ тарауды қайталау.
Мақсаты: Кинематика негіздері, оны сипаттайтын шамалар туралы түсініктері тереңдейді. Қозғалыс формулаларын пайдаланып, сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару қабілеттерін дамыту.
Қозғалыс түрлері бойынша алған алдыңғы теориялық білімдері нығайып, жүйеленеді, алған білімдерін өмірмен байланыстырады.
Күтілетін нәтиже: Теңайнымалы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған, айналмалы қозғалыстағы кинематика ұғымдарын терең меңгереді, өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артады, алған білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамиды. Оқушы алғырлыққа, жауапкершілікке, саналылыққа тәрбиеленеді.
Сілтеме: Оқулық: В. И. Кем, Б. А. Кронгарт «Физика 10», Алматы «Мектеп» 2014ж. Б. А. Кронгарт «Есептер жинағы», 2013 - жыл.
Қолданылған әдістер мен тәсілдер: Блум таксономиясы, критерийалды бағалау, ОүБ құралдары, АКТ, постермен жұмыс, топқа бөлу, деңгейлік және тест тапсырмалары.

Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал қалыптастыру. 3 мин
Сәлеметсіздер ме? Сендерге берілген стикерлердің түсіне сай топтарға бөліне қойыңдар.
Мұғалім оқушы назарын аудару үшін сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау түрлерімен таныстырады және оқушының өздеріне критерий шығаруға мүмкіндік береді.
«Білу» 5 мин
Үй тапсырмасы
Сәйкестендіру тест таратамын. Уақыт белгілеп, жауабын интерактивті тақтада көрсетемін.
«Түсіну» 5 мин
«Формулалар сөйлейді»

Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Щучинск қаласы, №7 мектеп - лицейінің
физика пәні мұғалімі Женисхан Еркеш

Кинематика негіздері: І - ІІІ тарауды қайталау. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама