Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Лу Бан аңызы

Бұл аңыз ертедегі қытай құрылыс өнері жайында айтылған аңыз болып табылады. Бұнда Лу Бан — жауласқан бектіктер дәуірінің соңғы мезгіліндегі Лу бектігінің темірші ұстасы болатын. Оның өнері жұрттан асқан, темірден ою оятын асқан шебер еді, сондықтан да оны Лу бектігіндегілер Лу Бан деп атайтын. Ерте замандағы жазбаларда: жауласқан бектіктер дәуірінде Шу Бан деген тарихи кейіпкер бар болатын, оның есімі кейіннен аңызға айналған. Ал Лу Бан жөніндегі аңыз екі түрлі айтылады. Бірінде оның асқан тапқырлығы жайынан сөз болса, енді бірінде оның жол жасап, көпір салу, құрылыс салу өнері жайынан сөз болады. Лу Банныңтеміршілік мамандықтың ең жоғарғы даму деңгейіне жетіп, табиғатты өзіне бойсындырғаны, шеберлігін барған сайын шыңдау барысы айтылады. Лу Бан халықтың асқан ақыл парасаты мен ғажайып өнердің белгісі болып саналады. Байырғы заманда ұсталық, кірпіш жасау, тас қашау өнері қытай жерінде жақсы дамыған, ал Лу Бан күллі өнердің Қожайын саналады, сондықтан оған бүгінде адамдар ғибадатхана салып, тағзым жасап отыр. Лу Бан аңызы темір өнеркәсібінің болашағының өте үлкен екендігін аңғартады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама